Ташкентте спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшы жүлдегер атанды.
Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова еркін жаттығуда 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді.
Ол Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді.
Айта кетейік, Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.
Фото: Olympic.kz
ПІКІР ЖАЗУ