Аида Балаева Dala news тәуелсіз басылымының айналасындағы жағдайға алаңдаулы

Мәдениет және ақпарат министрі Қазақстан Республикасының Конституциясына, сондай-ақ «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға сәйкес елімізде сөз бостандығына кепілдік берілгенін, цензураға тыйым салынғанын атап өтті.

«Жоғарыда аталған заңның 20-бабына сәйкес, журналист авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, құпияны сақтауға құқығы бар», — деп жазды ол желідегі парақшасында.

Қазіргі уақытта Dala news редакциясы бұрын жарияланған мәліметтерді жоққа шығарып, сол арқылы қолданыстағы заңнамаға сәйкес БАҚ міндеттемесін орындаған мақала жариялады.

«Осы фактіні назарға ала отырып, Министрлік жағдайды ерекше бақылауда ұстайды. Аталған БАҚ-қа көрсетілуі мүмкін қысымнан қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп тиісті жұмыс жүргізуде», — деп толықтырды министр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы