«Адам менсінбей, ала көзімен қарады»: Қарақат Әбілдинамен суретке түскісі келген көрерменнің көңілі қалған

Фото: жеке парақшасынан

Желі қолданушысы Астана қаласында өткен Баян Мақсатқызының «Queen» шоуынан кейін ыңғайсыз жағдайға тап болғанын жазды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Айтуынша, концерттен кейін бір топ өнер жұлдызымен суретке түскен.

«Бүгін Баян Мақсатқызының шоуында болдым. Қарақатпен суретке түскім келіп еді, сондай өзінше екен. Күйеуі Қыдырәлі де түскісі келмей әзер келісті. Жанына жақындап суретке түскісі келетіндерге көз алартып тұрды. Қарақаттың қатайып қалған адам екенін жиі естіп жүрмін, енді өзімнің де көзім жетті. Оның жанында Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне риза болдым, барлығымен суретке түсіп репост жасап қойыпты. Ал Динара Сәтжан болса, ешкімге жоқ демейді. Ол тұрғысынан жарап тұр. Көп жұлдыздарды көрдім, бірақ бәрімен суретке түсе алмадым», — деп жазды ол.

Желі қолданушысының бұл сөзін қолдағандар табыла кетті.

«Сөзіңмен келісемін. Қарақатпен мен де жолығып қалдым. Өзімшілдігі сондай кішкентай қызыммен қиналып суретке түсті. Адамды менсінбейді, тәкаппар, жақтырмай түсті. Е, айналайын, суретке олай түспей-ақ қойшы, деп бетіне айтқым келіп өзімді әрең ұстадым», — деді Threads пайдаланушысы.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!