Белгілі өлкетанушы, журналист, филолог, хакім Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов өмірден өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Семей қаласының және Абай облысының Құрметті азаматы Балтабек Ерсәлімов 86 жасында дүниеден өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өлкетанушының отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Балтабек Ерсәлімов 1938 жылы 28 ақпанда қазіргі Абай облысы Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері», «Тыңға 50 жыл» медальдарының және «Құрмет» ордендерінің иегері.
Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов шығармаларын насихаттауға белсене қатысқан. 1992 жылы «Абай» журналының қайта жандануына зор үлес қосты. «Абайдың ақын шәкірттері» жинағының жауапты шығарушысы.
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ПІКІР ЖАЗУ