Ақорда Абай облысының жаңа әкімін жариялады – бұл қызметке Қазақстан президентінің бұрынғы кеңесшісі Берік Уәли келді. Ол 2023 жылдың қыркүйегінен бастап кеңесші әрі баспасөз хатшысы қызметін атқарған.
Өмірбаяны
Берік Уәли 1977 жылы Семей облысы (қазіргі Абай облысы) Ойшылық ауылында дүниеге келген. Бұл өңір 1997 жылы таратылып, 2022 жылы Абай облысы ретінде қайта құрылды.
Білімі бойынша – кинематографист, журналист, құқықтанушы.
Еңбек жолы:
- 1997 жылы журналистикаға келіп, «Таң», НТК, «Хабар» телеарналарында жұмыс істеген.
- Әр жылдары «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының, Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.
- 2019 жылы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болды.
- 2023 жылы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру