Абай облысында сотталған азаматтың жұмбақ жағдайда көз жұмғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Хабарлама авторының айтуынша, қайғылы оқиға Семей қаласындағы №20 мекемеде болған. Сотталушының денесінен көптеген жарақат белгілері анықталған.
Полиция департаменті күдіктінің ұсталып, мекеменің айып изоляторына қамалғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді ведомстводан.
Абай облысында сотталушы жұмбақ жағдайда қаза тапты
Абай облысында сотталған азаматтың жұмбақ жағдайда көз жұмғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Хабарлама авторының айтуынша, қайғылы оқиға Семей қаласындағы №20 мекемеде болған. Сотталушының денесінен көптеген жарақат белгілері анықталған.
Полиция департаменті күдіктінің ұсталып, мекеменің айып изоляторына қамалғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді ведомстводан.i
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру