Ақтауда кәмелетке толмағандар жаппай төбелес шығарды

Ақтауда кәмелетке толмаған 15 жасөспірім арасында төбелес болды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Полицейлердің мәліметінше, 2023 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 23.08-де 102 нөміріне 27-ші шағын ауданда 15 кәмелетке толмағандар арасында төбелес болып жатқаны туралы қоңырау түскен. Қоңырауға патрульдік полиция жасақтары жауап берді.

«Аталған факті бойынша 20 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, Ақтау қаласының полиция бөліміне жеткізілді. Заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің «Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық», «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы» баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды», — деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Қатысушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілгені атап өтілді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора