Ақтауда орталық сумен жабдықтау тораптарындағы ауыз су деңгейін тұрақтандыру мақсатында 9 шілдеден, яғни бүгіннен бастап автокөлік жуу орталықтарының жұмысы мен жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Ozgeris.Info Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«МАЭК» ЖШС 08.07.2024 жылғы №21 телефонхатына сәйкес, Ақтау қаласының сыртқы ауа және теңіз температурасының жоғарылауына, сондай-ақ ауыз суды тұтыну көлемінің өсуіне байланысты орталық сумен жабдықтау тораптарындағы ауыз су деңгейін тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы барлық көлік жуу орталықтарының жұмысына және жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қойылады», — делінген хабарламада.
Қала әкімдігі «МАЭК» ЖШС 08.07.2024 жылғы №21 телефонхатына сәйкес, «Каспий жылу, су арнасы» МКК-ға көлік жуу орталықтарының жұмысына және жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қою жөнінде хат жолдаған.
«Осыған байланысты қала әкімдігі мен «МАЭК» ЖШС көлік жуу орталығының иелерінен түсіністік танытуды сұрайды», — деп қосты әкімдіктегілер.
ПІКІР ЖАЗУ