Ақтауда Алладан жаңбын сұрап 2000-нан астам адам бірге намаз оқыды

Ақтауда 15-шағынаудандағы амфитеатр алдындағы алаңға 2000-нан астам адам жиналып, бірге намазды оқыды, — деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Лада сайтына сілтеме жасап. 

Іс-шараны өткізуге Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, облыстық Бекет-ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов бастамашы болды.

Әнуар Елжановтың айтуынша, «Тасаттық» рәсімін өткізуді жергілікті фермерлер мен жер иеленушілер сұраған.

«Мұхаммед пайғамбардың кезінде адамдар қаладан шығып, Алладан жаңбыр жіберуді сұрап, дұға еткен», — дейді ол.

Имам Маңғыстауға жер, мал, өсімдіктер үшін дәл қазір жаңбыр қажет екенін айтты.

Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына рәсімді өткізуге рұқсатты өңір басшысы берді.

Ozgeris.info порталы


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей