Ақтөбенің Ойыл ауданы орталығында газ құю бекетіндегі цистернаға өртеніп, жарылды. Адамдар дін аман.
Ойыл ауданының орталығы Ойыл ауылында газ құю бекеті өртеніп жатыр.
— Бүгін сағат шамамен 20:20-да Ойыл ауылы Ы.Алтынсарин көшесі 4 А мекенжайында орналасқан автогаз құю бекетінен 50 метр қашықта орналасқан жерасты газ цистернасының жарылысы болды.
Адам шығыны жоқ. Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс жүргізіп, жалынды сөндірді, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың айтуынша, Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің мамандары тергеу жұмыстарын жүргізіп, себебін анықтайды.
ПІКІР ЖАЗУ