Ақтөбеде Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз бағытындағы жолдың Қандыағаш-Ембі қалалары аралығы қолданысқа берілді. Мұнда жолды су шайып, көпір де жарамсыз күйге түскен еді.
Көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбеде барлығы 136 шақырым жол мен 15 көпір зақымданды.
Соның ең ірісі Ембі мен Ойылда орналасқан. Қазіргі кезде Ойылда айналма жол салу жұмысы жүріп жатыр. Онда понтон көпір қолданыста бар. Ал республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автомобиль жолының 3-92 шақырымындағы Қандыағаш — Ембі қалалары аралығында жол учаскесі ашылды.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған көпірде бұған дейін көлік қатынасы уақытша тоқтаған. «ҚазАвтоЖол» филиалының басшысы Айбол Данағұлдың сөзінше,47 жыл бұрын пайдалануға берілген көпір қайта қалпына келтірілмейді. «ҚазжолҒЗИ» мекемесі мамандарының бұған қатысты шешімі де бар. Көпірдің жанынан жаңасы салынады.
Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
ПІКІР ЖАЗУ