Ақтөбеде скутер қаққан жаяу жүргінші мерт болды

Ақтөбеде скутер жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы полицияға сілтеме жасап.

8 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Жиенбаев көшесінде жол-көлік оқиғасы болып, 30 жастағы скутер жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 42 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларын жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.