Оларды құтқарушылар алып шықты, деп хабарлайды Ozgeris.Info порталы ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Екпінді желдің салдарынан Алматы ауданында қойма ғимаратының шатыры ішінара бұзылу салдарынан 2 жеңіл автокөлік зақымдалған.
— Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кесу құралдарының көмегімен көліктен өздігінен шыға алмаған 43 жастағы ер адам мен 13 жастағы баланы құтқарды. Медициналық көмек қажеттігі болмады, – делінген хабарламада.
ТЖМ ауа-райының өзгеруін бақылауды және «112» қызметі жіберетін SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
ПІКІР ЖАЗУ