Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған депутат қызметінен кетті

Мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сәния Мұратова сайлау комиссиясына өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді.

Ереже бұзған депутат 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді.

«Депутат Мұратова аумақтық сайлау комиссиясына өкілеттігін тоқтату туралы арыз жазды. Қолданыстағы тәртіп бойынша мәслихатқа аумақтық комиссиядан хат түсті. Өтініш бойынша шешім мәслихат сессиясында қабылданады», – деді қалалық мәслихаттың төрайымы Анар Даржанова.

Сания Мұратова – кәсіпкер. Осы жылдың наурыз айында қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланған. Мәслихатта Сәния Мұратова әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…