Ақтөбе қаласындағы Зауыт көшесінде орналасқан дәмханалардың бірінің алдында төбелес болып, бірнеше адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төбелес болған жерге жедел жәрдеммен бірге полиция шақырылған.
«Қонақтардың арасында жанжал туып, бір-бірімен төбелескен. Нәтижесінде бірнеше ер адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бұзақылық дерегімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары басталды. Қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деді Ақтөбе қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Мадияр Әкентай.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, төбелес кезінде барлығы 5 адам зардап шеккен. Ішінде біреуі медициналық көмектен бас тартқан.
ПІКІР ЖАЗУ