Ақтөбеде 75 жастағы әйел пәтерінен 44 жастағы ұлымен өлі табылды (ВИДЕО)

Ақтөбеде жеке пәтерден әйел мен баланың мәйіті табылды.

Қалада 8-шағын аудандағы көпқабатты үй тұрғындары жағымсыз иіс шыққанын айтып, полицияға жүгінген. Шақырту орнына келген полиция пәтерден 2 мәйітті тапқан.

23 шілдеде Ақтөбе қаласының пәтерлерінің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Өзге ақпарат жария етілмейді, — деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Пәтер иесі – әйел мұғалім болған. Жалғыз тұрған. Ал 44 жастағы ұлы анасына анда-санда келіп тұрған.

Қазір пәтер мөрленген. Ал көршілер онда дезинфекция жүргізуді сұрайды.