Ақтөбе облысында ірі өрт кесірінен екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Өрт 18 мамырға қараған түні Мәртөк ауданы Достық ауылындағы жеке тұрғын үйде орын алды. Өртті сөндіру кезінде оқиға орнынан 1955 және 1958 жылы туған екі құрбанның мәйіті табылды», — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары 90 м2 аумақтағы өртті сөндірді, себебі анықталуда.
ПІКІР ЖАЗУ