Ақтөбе облысында полиция қызметкері тұтас бір отбасын өрт құрсауынан аман алып қалды.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 наурыз күні таңғы уақытта Байғанин ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Әділ-ҚаҺар Кәдіров жұмысқа бара жатқан. Сол уақытта көршісінің үйінен қалың түтін шыққанын көреді. Жедел әрекет етіп, шырт ұйқыда жатқан үй иесін оятып, кәмелетке толмаған үш баланы сыртқа алып шығады.
Ең кішкентай 5 жасар баланы алып келе жатып, түтінге тұншығып есінен танып калған. Осы уақытта өрт сөндірушілер мен дәрігерлер келіп көмектескен.
Полиция қызметкері шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта ержүрек тәртіп сақшысының өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Фото: @POLICE_of_KZ
ПІКІР ЖАЗУ