Ақмола облысында жоғалып кеткен ресейлік азамат өлі табылды, деп хабарлайды ozgeris.info
Азамат Калининградтан қонаққа келген. Алайда 1984 жылы туған Станислав Тарасенко 9 маусымда байланысқа шығуды тоқтатқан. Еріктілер ер адамды іздеу жұмыстарын ұйымдастырғанымен іс нәтижесіз болған.
Ресми деректерге сәйкес, ресейлік Петропавлдағы туыстарына қонаққа барған. Сол жерден Щучинскідегі досына барып, кейін жоғалып кеткен көрінеді. Ал 14 маусымда ер адамның қайтыс болғаны анықталған. Қазір қазаның мән-жайы анықталуда.
ПІКІР ЖАЗУ