Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев пен облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермековтың қатысуымен өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдегі жастар саясаты ахуалы жайында сөз қозғалды, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары өз сөзінде, жастар саясатын жүзеге асыру және жастарды қолдау аясында Ішкі саясат басқармасы тарапынан 7 әлеуметтік маңызды жастар жобалары қарастырылып, жастардың барлық санаттарын қолдау шаралары жүргізіп жатыр. Биылғы жылдың 1 тоқсанында Жастар өмірінің түрлі салаларында 12 индикаторға қол жеткізуді көздейтін 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: «жастар үшін» парадигмасының «жастармен бірге» бағытына ауысуы.
«Аталған тұжырымдаманы сапалы орынау мақсатында Ақмола облысының өңірлік жоспары әзірленді. Аталған жоспар шеңберінде 79 бағыт бойынша жастармен жұмыс жасалуда. Аталған іс-шара жоспары негізінде жастардың жан-жақты дамуына, білімі және кәсіби дамуына жағдай жасалып, жұмысқа орналасуға, өз ісін ашуға қолдау жасалып жатыр. Жастармен жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – жұмыспен қамту, NEET санатындағы жастар санын төмендету, жастардың білім алуына ықпал жасау.
Қазіргі уақытта облыста жұмыссыздық деңгейі 4,1% (8692 адам) құрайды.
Жұмыспен қамту орталықтарына жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп келе жатыр. Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жастар қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберіледі. 2023 жылдың басынан бастап Жұмыспен қамту орталықтарына жастар арасынан 9786 адам жүгінді. Жұмыспен қамту шараларымен 8200 адам қамтылды.
Анықтама ретінде, әлеуметтік жұмыс орындарына 99 адам, жастар практикасына 603адам, Ұрпақтар келісімшартына 19 адам, бірінші жұмыс орнына 249 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 466 адам, «Бастау бизнес» жобасыбойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1306 адам жіберіліп, 5196 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылып, 74 адам гранталды. Жұмыс берушінің өтініші бойынша кәсіптік оқытумен 162 адам қамтылып, жұмыс берушінің жұмыс орнында 26 адам қамтылды.
Ақмола облысының «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 2023 жылы жастарға арналған 2,5% пайыздық несиені кем дегенде 180 жасқа берілді. Жалпы қаржы көлемі 855 млн. теңге. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде 2023 жылға 259 маманға 1 млрд.190 млн.теңге сомасында бюджеттік несиелер және 551 маманға 168,8 млн. теңге сомасында көтермелі жәрдемақы берілді. Жастарды жазғы кезде жұмыспен қамту мақсатында, жыл сайын облыста «Жасыл Ел» жобасы жүзеге асырылады. Облыс бойынша квота 1356 адам, төлемақысы ең төменгі жалақы есебімен 70 мың теңге құрайды. Бүгінгі таңда аталған жобамен 1000-нан астам адам қамтылды.
Жастарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету мақсатында, Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығы жанынан «Жастарға қызмет көрсету орталығы» қызмет етеді. Аталған орталықта заң мәселелері бойынша, жастарды жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалары, ипотекалық несие беру, өз ісін ашу бойынша тегін кеңестер беріледі. Сондай-ақ, психолог консультация жүргізеді.
Облыста кадрлардың тапшылығын азайту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаумақсатында өңірлік білім беру бағдарламалары жұмыс істейді: «Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясы», «Ақмола облысы әкімінің гранттары». 2023-2024 оқу жылында білім басқармасы тарапынанжоғары оқу орны студенттері үшін облыстық бюджеттен бакалавриатқа 160 грант және резидентураға 35 грант бөлінді. Биылғы оқу жылына атаулы стипендия сомасы 125 млн.тг. құрады, шәкіртақы алушылар саны – 243 жас ақмолалық. Жалпы, осы жоба бойынша 2500 жас ақмолалық білім алып, облыстағы тапшы болып келетін кадрларлар дайындалып, оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілді.
2023 жылдан бастап жастарды шығармашылық идеяларын, стартаптар мен жобаларды іске асыру үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша өңірлік жоба іске асырылуда. Грант 5 бағыт бойынша беріледі: ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа. Облыстық бюджеттен осы мақсаттарға 11 млн. теңге бөлінді. 11 жоба бойынша жеңімпаздарға 1 млн.теңге көлемінде гранттар қарастырылған. Гранттарға өтінімдер 20 қарашаға дейін қабылданады.
Республикалық деңгейде өткізілетін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына Ақмола облысының жастары жыл сайын белсенді қатысып, өтінімдер жолдайды. Облыстық деңгейде талантты жастарды қолдау мақсатында жыл сайын «JAS AQMOLA» облыстық жастар сыйлығы (15 номинация бойынша 300 мың теңгеден сыйақы), «AQMOLA POWER» инновациялық жобалар конкурсы, «Студенттік көктем» талантты жастар фестивалі, және т.б. ауқымды дәстүрлі жобалар іске асырылады.
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жастарды дене шынықтыру, спортпен шұғылдануға тартуға, наркологиялық есепте тұрған жастар санын азайтуға бағытталған тұрақты негізде түрлі форматтағы іс-шаралар мен акциялар өткізеді.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының 2023 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жалпы сомасы 2,5 млн. теңгеге «Нашақорлықтың алдын алуға және жастар арасынан есірткіге тәуелді азаматтарды қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы іске асырылды.
Лот шеңберінде сәуір айынан бастап мыңнан астам адамды қамтитын 100-ге жуық түрлі форматтағы іс-шаралар (жасөспірімдер арасында семинар-тренингтер, дәрістер, спорттық іс-шаралар, акциялар, ата-аналар жиналыстары, әлеуметтік қызметтер көрсетілді) өткізілді. Іс-шараларға білікті мамандар, психологтар, полиция қызметкерлері, психикалық денсаулық мамандары, нашақорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, ювеналды полиция өкілдері тартылды. Сонымен қатар, лот шеңберінде әскери-патриоттық клубтардың жетекшілеріне арналған семинар-тренингтер жоспарланып, ұйымдастырылды.
Облыстық деңгейде маңызды іс-шаралардың бірі жыл сайынғы «Әскерге шақырылушы күні» акциясы. Ағымдағы жылы аталған акция 6 маусым күні өткізілді, әскери қызметке салтанаттытүрде 40 жас адам жіберілді. Бүгінгі күні облыс тарапынан әскерде қызмет өтеп жүрген жас азаматтар саны 1000 адамға жуық (910). Жалпы, жыл басынан бастап өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде әскери-патриоттық тәрбие тақырыбында 500-ге жуықматериал мен ақпараттық посттар жарияланды. Аталған бағыттағы жұмыс үнемі бақылауға алынып, жалғастырылатын болады» — деп есеп берілді.
Жастар ресурстық орталықтары жастар бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеуді және қолдауды, жастар ортасындағы жағдайға мониторинг пен талдауды жүзеге асырады. Орталықтың қызметі жастардың әлеуметтік және жеке дамуына ықпал етуге және жастар ұйымдарының қызметін қолдауға бағытталған. Сондай-ақ, жастар ресурстық орталықтары жастар жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, бейресми білім беру, жастарды консультациялық қолдау және олардың өзін-өзі дамытуы үшін ашық кеңістіктер құру арқылы жастармен жұмысты жүзеге асырады.
Орталық басшысының ақпаратына сәйкес қазіргі уақытта Ақмола облысында 225 331 жас азамат тұрады. Бұл облыс халқының жалпы санының шамамен 29% құрайды. Оның ішінде ауыл жастары – 98 255 адам болса, қалалық-127 076 адамды құрайды.
«Көкшетау қаласы бойынша 35-тен астам жастар және еріктілер ұйымдары, ал жалпы облыс бойынша 130-дан астам ұйымдар бар. Күн сайын кешкі уақытта, кестеге сәйкес, Көкшетау қаласының жастар ұйымдары Сәтбаев көшесі, 1 Б мекен-жайы бойынша орналасқан акт залында жиналады. Мұндай алаңдар мен жиындар пайдалы танысу, жаңа ақпарат және өз жобаларымен айналысу, нәтижесінде біздің аймаққа пайда әкелуі мүмкін жастарға арналған жиындарды өткізу, қарым-қатынас жасау үшін еркін орта болып саналады.
Өңірде бірнеше белсенді жастар ұйымдар қызмет етіп келеді. Олардың қатарында «Qazmed Jastary» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан қызыл жарты ай» ҚБ, «Көкшетау» студенттер Альянсы» корпоративтік қоры, «Workout Center Akmola» қозғалысы,«The Legasy Show» би студиясы, «Думан» педагогикалық жасағы, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы, «Зерделі Ұрпақ» ЖБ, «Темірқазық» кітап клубы, «Жас Сарбаз» қозғалысы, «Luvi dance» би студиясы, «Правда», «Зияткер» және «Dilmar» дебат клубтары, «Жаңа Ұрпақ Степ» қоғамдық бірлестігі, «Мейірімді жүрек», «Лидер кз» қоғамдық бірлестіктері. Әр белсенді ұйыммен облыстық ЖРО бірлесіп түрлі форматта шаралар өткізіп отырады.
Қазіргі таңда, облысымызда волонтерлік қызметте 3,800 — ден астам ерікті белсенді жұмыс жасайды.
Ақмола облысы өңірлік «Еріктілерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі 2020 жылдан бастап Ақмола облысы «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ жанында жұмысын бастаған болатын. Бүгінгі күні облыста 89 волонтерлік ұйым белсенді жұмыс атқарып жатыр. Еріктілер өз қызметтерін аталмыш 9 бағыт, атап айтсақ, «Bilim», «Sabaqtastyq», «Asylmura», «Qamqor», «TazaÁlem», «Umit», «Saýlyq», «Күміс волонтерлік» және «Корпоративтік волонтерлік» бойынша жүзеге асырып жатыр. Күміс, авто және зоо еріктілік сияқты бағыттары да қарқынды дамып жатыр.
Осы бағыттар бойынша Ақмола облысында 3894 еріктінің ұйымдастыруымен 1110 іс-шара іске асырылды.
Өткен жылы облыс еріктілері 747 отбасыға азық-түлік жиынтығы және демеушілік көмек түрінде көмек көрсетті.
Атап өтсек, жоғарыда айтылған бағыттар бойынша биылғы жылы «Доброе сердце Lider.kz», «Lider.kz», «Феникс», «Қазақстан студенттері Альянсы», «Қызыл ай» еріктілері, өз жобалары бойынша жоғары деңгейде жұмыс атқарды. Еріктілердің бастамасымен облысымызда мұқтаж жандарға 19 425 000 теңгені құрайтын қаражат жиналды. Осы жылы 20 миллионнан астам қаражат жинауды жоспарланып отыр. Қаңтар айынан бастап қазіргі уақытта 7 миллионнан астам қаражат жиналды.
Биыл Ақмола облысы «Еріктілерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі өз жұмыстарын атқарып келеді. «Qamqor», «TazaÁlem», «Umit», «Saýlyq» бағыттары бойынша жалғызбасты зейнеткерлердің (50-ге жуық) аулаларында «қарлы десант» атты қар тазалау мен көктемдегі орын алатын су тасқынының алдын алу мақсатында аулаларындағы қауіп тудыратын мұздарды ойып шығару жұмыстарын, тазалық сенбіліктер мен бейсенбіліктер (3 рет), жан-жақта орналасқан хоспис, кризисті үйлер мен балалар үйлеріне (3 шығыс) ойыншықтар мен керек жарақтарды жіберіп, көңіл күйлерін аулау мақсатында концерттік бағдарламаларды (3 рет), жалғызбасты ҰОС және тыл ардагерлеріне (60 зейнеткер) апта сайын азық-түлік себеттерін апару, донорлык қан тапсыру (4 рет), әр түрлі жерлерде орнап жатқан ахуалдарға қорлар ашу (Облыстағы өртенген үйлерге және Түркия мен Сирия мемлекетінде орнаған жағдайлар), қайырымдылыққа арналған іс-шаралар легін ұйымдастыру (10 ға жуық), спорттық таңғы жаттығу мен марафондар (ауа райының ыңғайына байланысты әзірге 2), мүгедек жандарға арналған мекенжайлы көмек (7 мүгедек жанға) сияқты әр түрлі жұмыстарды атқарылды. Алда әлі де жоспарда тұрған шаралар баршылық. Солардың барлығын ынтымақтастық пен бірліктің арқасында іске асыратынымызға сенімідімін» — деді облыстық ЖРО басшысы.
ПІКІР ЖАЗУ