Тұз қышқылы бар авариялық цистерна қауіпсіз қашықтыққа сүйретіліп, шығарылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Аршалы ауданының Сарыоба станциясында диаметрі бір жарым сантиметр болатын жарықтың салдарынан жүк құрамындағы цистерналардың бірінен тұз қышқылы төгілген.
Қауіпті жүктері бар цистерна негізгі құрамнан ажыратылды. Ақмола облысының құтқарушылары ағысты жойды.
27 мамырда цистернаның ішіндегісін жүк тасымалдаушылар айдаған кезнде тұз қышқылы қайта аға бастады. Ағымды Астана қаласы ТЖД қызметкерлері тоқтатты.
Қазіргі уақытта цистерна ауылдан және жақын маңдағы шаруа қожалығынан қауіпсіз қашықтыққа сүйретіліп шығарылды.
СЭС, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қышқыл төгілген жерге газсыздандырады. Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
«Жағдай апат болған жерде жедел штабтың бақылауында», — деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ақылжанов.
Фото: Ақмола облысы ТЖД видеодан кадр
ПІКІР ЖАЗУ