Сандықтау ауданының прокуратурасы балабақша тәрбиеленушілерінің құқығын қорғады. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді.
Кәмелетке толмағандар құқығының қорғалуын талдау барысында 78 мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісіне азық-түлік үшін өтемақы төленбегені анықталған.
Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, азаматтардың жекелеген санатындағы азық-түлік шығындары мемлекет есебінен өтеледі. Азаматтардың бұл санаттарына көпбалалы отбасылар, АӘК-ге мұқтаж отбасылар және халықтың осал топтарына жататын басқа да адамдар жатады.
Ал аудандық білім бөлімі көпбалалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларды азық-түлікке өтемақы төлеу тізіміне енгізбеген. Осылайша, олардың мектепке дейінгі ұйымдардан тегін тамақ алу құқығын бұзған.
Прокурорлардың араласуымен балабақшалардағы 78 балаға азық-түлік шығындары өтелді. Бұзушылықтар үшін білім бөлімінің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ПІКІР ЖАЗУ