Онлайн курстың мақсаты — жастармен жұмыс жасайтын қызметкерлердің жастар саясаты саласындағы теориялық білімін кеңейту. Курс аясында қызығушылық танытқан кез-келген тұлға қазақ немесе орыс тілінде 10 тақырыптан тұратын модульдерден өте алады. Олар — жастар саясаты дегеніміз не, жастар ісінің қағидалары, жастар қызметкерлерінің құзыреттіліктері, жастарға білім беру түрлері, аутрич жұмыс және т.б.
Әзірленген курс жастар саласының қызметкерлеріне арналған Samgau Digital электронды платформасында орналастырылған. Бұл қашықтан оқыту платформасы тегін болып табылады. Платформаның сілтемесі – https://kaz.learningpassport.org/
Осы курс жастар саласына жаңадан қабылданған қызметкерлерге де және тәжірибелі мамандарға де пайдалы болмады деп ойлаймыз.
«Жастар ісі» онлайн курсын Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен Жастар қызметкерлері қауымдастығы дайындады.
ПІКІР ЖАЗУ