«Талибан» ұйымы Ауғанстандағы саяси партияларға толығымен тыйым салғанын мәлімдеді.
Тәліп үкіметіндегі әділет министрі Абдул Хаким Шараи саяси партиялар үшін шариғат негізі жоқ екенін атап өтті. Сонымен қатар Ауғанстан халқы партияларды қолдамайтынын мәлімдеп, бұл тыйым халықтың қызығушылығына қайшы келмейді дейді.
Аталған шешімді тәліптердің билікке келгеніне 2 жыл толуын атап өткен соң келесі күні қабылданды.
Ауғанстан билігіндегі «Талибан» өкілдері «уақытша үкіметте» барлық ұлт пен тайпа өкілдері барын айтып, халықаралық қысымға қарсы шығып келеді.
2021 жылы тәліптер Ауғанстан билігін басып алғанға дейін елде 73 саяси партия болған. Дегенмен партия көшбасшыларының көбі елден кетіп қалды.
ПІКІР ЖАЗУ