«Қазақстан» шахтасындағы өрт: 5 кеншінің тағдыры белгісіз, 4 адам ауруханада

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің өрт шыққан «Қазақстан» шахтасынан 222 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағынданған. Қазіргі уақытта 4 адам, оның ішінде екеуі Шахтинск қаласының орталық ауруханасына, тағы екеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылды.

Оқиға орнында Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жүр.

Бүгін сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында конвейерлік таспа өртенді.

Сол кезде шахтада 227 адам болған. Олар қаптал ұңғыма арқылы жер бетіне шығарылды. Оқиға орнында «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының және Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом