Шымкент қаласының прокуратурасы балалардың сауықтыру лагерлерінің қызметінде олардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «Hawaii» лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмаған және қызметтерін міндеттелген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз іске асырған. Ал биыл бұл лагерьге 478 баланы орналастырған.
Ең көбі 220 баладан аспайтын «Үш бұлақ» лагеріне 310 оқушы орналастырылған, тиісінше бір баланың ұйықтайтын жері 4 шаршы метрдің орнына 2,8 шаршы метрге дейін қысқарған.
Лагерьлердің көптеген қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істеген. Бұған қоса, медициналық қызметтерді біліктілігі жоқ және медбике маманының сертификатынсыз көрсеткен. Медициналық кабинеттердің өзі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, міндетті медициналық препараттар мен жабдықтар жоқ, – делінген хабарламада.
Тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр. Оның нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады.
ПІКІР ЖАЗУ