Ауыр қылмысқа барғандар іздестірілуде, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
5 тамыз күні екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атып, қашып кеткен.
Салдарынан үйдің иесі мен оған құрылыста көмектескен танысы қайтыс болды.
Сондай-ақ құрылыста жүрген екі ер адам ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.
ПІКІР ЖАЗУ