«17 жасымда кезіктірдім»: Қыран Талапбектің әйелі Гүлзада Тұрлаш бірінші некесі жайлы айтты

Жақында мобилограф Қыран Талапбекке тұрмысқа шыққан жас актриса Гүлзада Тұрлаш “Soul üşın” бағдарламасында бірінші күйеуі туралы айтты.

Бірінші некесі сәтсіз аяқталған актриса ол туралы жасырмай айтуды жөн көрді.

“Көпшіліктің алдында жүргеннен кейін ондай дүние айтылуы керек. Мен 16 жасымда сериалға түсе бастадым. 17 жасымда бұрынғы күйеуімді кезіктірдім. Кейін тұрмысқа шығуға ұсыныс түсті. Ата-анамның қазақи, қатал тәрбиесінде өстім. Анам: “Алғаш білегіңді ұстаған жігітке тұрмысқа шығуың керек. Жүру деген нәрсе болмайды” деп айтатын. Мені тіпті кешкі сағат 6-7-ге дейін ғана жіберетін.

Жанымда үнемі ағаларым жүретін. Туған күн болса, құрбыларыммен қыдырсам, әкем есік алдында мені күтіп отыратын. Сондай қаталдықта өстім. Білмеймін, мүмкін содан болар, алғаш кездестіріп, жақын сөйлескен жігітке тұрмысқа шықтым. Бірақ, менің ойымша, бір адаммен бір минут жақсы уақыт өткізсең, ол туралы жаман айтуға құқығың жоқ. Сол себепті біреуді балағаттағым келмейді. Мен де, ол да жас болды. Екеуіміз де көп қателік жібердік. Ол адамға тек бақыт тілеймін”, – дейді Гүлзада Тұрлаш.