Құранды өртеу: БҰҰ қасиетті кітапты қорлауға қатысты жаңа қаулы қабылдады

БҰҰ Бас Ассамблеясы қасиетті кітаптарды қорлау жөніндегі кез-келген актілерді айыптайтын және мұндай әрекеттерді халықаралық құқық нормаларын бұзу деп танитын қаулы қабылдады, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Марокко бастамашы болған құжатты БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан қабылдады. Қаулыда атап айтқанда, «адамдарға қатысты барлық зорлық-зомбылық актілері діни көзқарастары немесе сенімдері негізінде, сондай-ақ олардың діни рәміздеріне, қасиетті кітаптарына, үйлеріне, кәсіпорындарына, мүлкіне, мектептеріне, мәдени орталықтарына немесе ғибадат ету орындарына қарсы бағытталған кез келген әрекеттері, сондай-ақ діни орындарға жасалған барлық шабуыл» қатаң түрде айыпталады.

Сондай-ақ құжат авторлары мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранға қарсы арандатушылықты айыптауға шақырып, оларды «діни өшпенділік актілері» деп сипаттады.

25 шілдеде Копенгагендегі Египет және Түркия елшіліктерінің алдында Құранды өртеу акциясы өткен. Дәл осындай акция бір күн бұрын Ирак елшілігінің алдында да өткен. Мұсылман лидерлері мен саясаткерлері мұндай арандатушылықтардың сөз бостандығы туралы заңдарда қамтылмайтынын баса айтты.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...