Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Қуандық Алпыс «Нойс» және «Карас» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің оң қолы мен жақын серігі ұсталғанын хабарлады, деп жазады «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
«Карас та Жұмагелдиевпен тығыз байланыста. Ол бұрын бірнеше рет сотталған. Қазір қаңтар оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін қамауға алынды», — деді Алпыс.
Оның айтуынша, Нойс бірқатар ауыр қылмыстарға, соның ішінде 2018 жылы Алматы тұрғынын өлтіруге оқталуға қатысы бар деген күдікке ілінген. Дәл осы іс бойынша оған халықаралық іздеу жарияланды. Қылмыстық іс бірнеше жыл бойы ашылмай келді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазірдің өзінде осы ауыр қылмысқа қатысқан алты күдікті ұсталған.
Карас қылмыстық топты ұйымдастыру және оған жетекшілік ету, бандитизм, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, адам ұрлау және қару сақтау сияқты бірқатар ауыр қылмыстарды жасады деген күдікке ілінді.
Нойс бұрын қарақшылық пен озбырлық жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 178, 327-баптары (ескі нұсқа) бойынша сотталған. Карасқа қатысты 179-бап «Тона», 287-бабы «Заңсыз қару алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және 380-бап «Билік өкіліне өз міндетін орындауға байланысты өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану» бойынша сотталған.
«Бүгін біз арнайы операцияның үш кезеңінің нәтижесінде өңірлердегі әріптестермен бірлесе отырып, топқа қатысы бар 80-нен астам адамды ұстадық, оның 38-і қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа да ақпарат жариялауға жатпайды», — деді Қуандық Алпыс.
ПІКІР ЖАЗУ