Қызылорда қаласы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау тобы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі мен С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің бітіруші түлектерімен кездесті.
Кездесуде қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры жұмыспен қамту бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында түсіндірме берді.
Шара барысында «Зерде» интеллектуалды мектебінің құрылтайшысы Сейтқали Алшынбаев 60 түлекке «Шұғыла» балабақшасына тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама беріп, еңбек кітапшаларын табыстады.
Сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов бітіруші түлектермен, оқытушылар және жұмыссыз жастармен кездесу барысында ғылым-білімнің адам өміріндегі маңызына тоқталып, жиналғандарғ жылы лебізін білдірді.
— Жастар жетістіктерге өзі еңбектенудің, өзі ізденудің нәтижесінде қол жеткізе алады. Алайда, жұмысқа қабілетті жастардың бірқатары жұмыссыз атанып, ал кейбірі тұрақты емес жұмысқа орналасады. Бүгінгі кездесу алған білімдеріңіздің нәтижесін көру үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларды өздеріңізге жеткізу және арнайы сала мамандарымен еркін сұхбат құру мақсатында ұйымдастырылуда, – деді қала әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы.
Шара барысында «Зерде» интеллектуалды мектебінің құрылтайшысы Сейтқали Алшынбаев 60 түлекке жұмысқа орналасуға жолдама беріп, еңбек кітапшаларын табыстады.
Жастарға «Qosyl kenes» телеграм бот қызметі таныстырылып, қажетті ақпараттарды оңай алу мүмкіншіліктері көрсетілді. Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары мен сала басшылары жастарды жеке қабылдап, ұсыныстарын назарға алды.
ПІКІР ЖАЗУ