Джо Байденнің бас резиденциясынан кокаин табылды

Бұл туралы АҚШ Құпия қызметінің баспасөз хатшысы Энтони Гульельми хабарлады, деп жазады «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

Ұнтақ жексенбі күні табылған.

Президент күзеті дереу өрт сөндірушілерді шақырып, олар ұнтақтың қауіпсіз екенін анықтады. Сосын талдауға жіберілді. Қазіргі уақытта оның Ақ үйге қалай жеткізілгенін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Президент Джо Байденнің өзі жексенбі күні Ақ үйде болған жоқ. Ол Кэмп-Дэвид резиденциясында болған.