Биыл 20 мамыр күні Maqsut Narikbayev University Астана қалалық триатлон федерациясымен бірлесіп, RUN FOR SABINA атты қайырымдылық жүгіру марафонын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы арнайы баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
Жыл сайынғы қайырымдылық марафонының мақсаты – MNU университетінің білім алушысы, 1 курс студенті Сайранова Сабина Бауыржанқызының еміне қаржылай көмек көрсету. Дәрігерлер Сабинаға Лимфобластикалық лейкоз (онкологиялық ауру) диагнозын қойды. Қазіргі таңда Израиль мемлекетінде ем алуда. Керек қаражат 300 000 АҚШ доллары.
«Осы марафоннан жиналған барлық қаражат Сабина қызымыздың еміне жіберілетін болады. Осы орайда, қолдау көрсетіп, тіркеліп жатқан барлық қатысушылар мен демеушілерге алғысымды білдіремін. Бұл сіз бен біз болып жасап жатқан үлкен игі іс», — деді Maqsut Narikbayev University студенттер ісі жөніндегі вице-провосты Мақсат Несіпжанұлы.
Қайырымдылық акцияларын өткізу және студенттер арасында бұқаралық және әуесқой спортты дамыту сияқты бастамалардың маңыздылығы туралы Астана қалалық триатлон федерациясының жетекшілері де назар аударды.
Өз кезегінде Евгений Больгерт денсаулығымызға неғұрлым көп көңіл бөлсек, аурулардың бастапқы көріністеріне тап болу ықтималдығы соғұрлым аз болады.
«Студентге қайырымдылық жарысы арқылы көмектесу – үлкен құрметке лайық. Біз Парламент Сенатының өкілдері ретінде спортты, білім беруді және жастарды қолдау қағидасын ұстанамыз. Елордалық Триатлон федерациясының басшылары лауазымдарында біз де осы идеяны қолдаймыз», — деді Астана қалалық триатлон федерациясының президенті Е.Болгерт.
ПІКІР ЖАЗУ