Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы орта мектептерде әскери-патриоттық клубтар ашылды

zakon.kz

Жастар ұйымдарынан бөлек, жас сарбаздарға Алматы облысының білім басқармасы мен Ұйғыр ауданындағы әкімдік үлкен қолдау көрсетті.

Клубтартың ашылу салтанатына ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, генерал-майор Марат Нағұманов және ҰҚК органдарының ардагерлері, республикалық этномәдени орталықтың құрметті төрағасы Шаймардан Нұрымов құттықтады.

Клубтардың қызметі жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру, Қазақстан халқының  тарихын зерделеу, өмірлік қажетті дағдыларды игеру. Біріншіден, оқушыларға «Жас Сарбаз» клубтарындағы сабақтар үлкен қызығушылық тудырады, әскери қызметтің ерекшеліктерін меңгеруге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, әскери-патриоттық клубтар Отан қорғаушылардың ғасырлар бойғы дәстүрлерінің жалғасы болып табылады.