Онлайн ақша – оңай ақша ма?

Қазіргі таңда ұялы телефонның мүмкіндігі көп. Тек байланыс құралы емес, табыс көзіне де айналып кетті. Кейбір азаматтар 1 айлық жалақыны, апта емес, тіпті жарты күнде-ақ тауып жатады. Тек қана қолыңыздағы күнделікті қолданып жүрген құралды қолдана алсаңыз болды.

Бүгінгі күнде әлеуметтік желілермен қатар көптеген бағытталған платформалар қарқынды дами түсті. Бірі сағаттап желіде мысықтардың күлкілі бейнелерін көрсе, енді бірі «Kaspi» мен  «Wildberries» сияқты қосымшаларын зерттеп алып, өздерінің табыстарын көбейтіп жатыр. Көптеген блогерлер өздерінің бизнестерін ашып, небір PR жолдармен өздерінің курстарын, тауарларын сатылады. Тауарды ешқайда шықпай-ақ бір батырманы басу арқылы сатылып, сатушы мен тұтынушы арасындағы байланысты көріспей шешудің амалын тапқан.

Мысалы «Wildberries»-тің базасын терең меңгеріп, декретке шыққан күннен бастап қосымша табыс табу көзін іздеуде найзасы дөп түскен эксперт Раушан Садырханмен онлайн жұмысқа қатысты пікір алмастық.

Оның айтуынша, адамдардың киімге тапсырыс беретін қолайлы уақыты –көктем екен. Ұсақ-түйек, тұрмыстық заттар алуға әуес әйел адамдардың көпшілігі базар араламай, тікелей Wildberries-ке жүгінеді.

«Өзім де ана болғандықтан, ең алдымен балаларыма киім қараймын. Бір ұтымды жағы, келген аяқ-киімнің өлшемі қызымның аяғына сәйкес келмесе, кері ақшасын алып немесе қайта басқа өлшемді жіберуін сұраймын. Алғаш тауарды сатып бастаған сәтімізде, жолдасым екеуміздің көзіміз әмбебеп тамақ пісіру құралына түсті. Кейіннен тапсырыс көбейген сайын, оған қажетті сомада қаражат бөліну қажеттілігін ескердік. Кішігірім қандай нәрсе бар дегенде, ойымызға Power bank келді. Сол кезде қаңтар айында 2 миллионға жуық айналымды телефон қуаттағыш құрылғы әкелерін кім білген».

Егер адамның өмірге деген нақты мақсаты болса, қиындығына қарамай, мәреге нүктесіне жетуді көздейді. Алайда нәтижеге жетемін деп, көптеген қатерлерді көрмей, ынтаның сөну қауіпі бар. Сондықтан қысқа мерзімде қомақты ақша табу мүмкіндігі туралы Раушан ханым өз ойымен бөлісті.

«Қараңызшы, Instagram желісіндегі осы Wildberries арқылы қыруар қаражат табасын деген ақылы курстар көптеп кетті. Олар осындай айда миллион тауып кетесін, мынандай күннің ішінде былайша ақша жинайсын дегеннің көбісі – жалған ұсыныс. Негізінен, барлығы өзіңізге және жұмыс жасау қарқыныңызға байланысты. Сапасы жоқ, ал бағасы қымбат курстардың үйретері тек онлайн ақша. Ал тауарды сату кезінде қанша қаражат керек екендігін немесе басқа да қауіп пен қыр-сырларын, өкінішке қарай, ешкім бөліспейді», – деді сарапшы.

Wildberries платформасын ашып, кездейсоқ тауардың жарнамасын қараған жағдайда әртүрлі пікір мен бағалау негізіндегі жауапты көреміз. Біреуінде тауар сынық болса, екінші адамның тапсырысы мүлде келмей қалады. Бұндай көрініс орын алмас үшін неден аулақ болу қажет екенін Раушан Садырхан былай түсіндірді:

«Тұтынушылармен жұмыс істеу қарым-қатынасқа жақсы, алайда өзіндік ұстану қағидалары болады. Біріншіден, тауар сипаттамасына сай келуі шарт. Екіншіден, баға. Сатып алушыға қолайлы баға қойғанда, қателесіп кетпеу керек. 700 теңге тұратын нәрсені 70 теңге деп шығып кетсе, көп сұраныс түсіп, минусқа кіруіңіз ықтимал. Үшіншіден, қолда бар нәрсені тіркеу маңызды. Тапсырыс көп, ал тауар бітіп қалса, кесірі тиеді».

Әрбір жарнамада көрінген курсты сатып алуға асықпаған абзал. Алдымен өзіңіз зерттеп, басқа да ақпарат көздерін қарап шыққан жөн. Сондай-ақ сол саланы меңгерген адаммен сөйлесіп, барлық қауіп пен қиындықтарды таразылап алыңыз.

Дарина ТАУПИХОВА