Бұл туралы Maqsut Narikbayev University-де «Орталық Азиядағы жер асты суларын басқару және климаттың өзгеруі» жобасы аясында Францияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған жер асты суларының ресурстарын басқару жөніндегі сарапшыларға арналған семинарда Геология комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Ғалиев айтқын, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
Қазіргі уақытта Қазақстанда minirals.gov.kz ірі ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр. Ол пайдалы қазбалардың барлық түрлерін, соның ішінде жер асты суларын қамтиды. Бұл жүйенің басты миссиясы — жер асты суларына қатысты мәселелерді цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыру, жер асты суларын ұтымды пайдалануда су пайдаланушыларға барынша қолайлы жағдайды қамтамасыз ету және суды пайдалану мониторингін жүзеге асыру. Жер асты сулары бойынша мемлекеттік мониторинг пен су кадастрын енгізуді қоса алғанда, мемлекеттік геологиялық зерттеу саласындағы қызметтен алған әсерлерімен Геология комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Ғалиев бөлісті.
Оның айтуынша, Қазақстан үшін халықаралық тәжірибені зерделеу қызықты. Қазақстанда су өте өткір мәселелерінің бір. Мысалы, трансшекаралық жер асты бассейндері бойынша бізде зерттелген 15 бассейн бар, бірақ одан да көп болуы мүмкін. Олардың бірі — Өзбекстан Республикасымен бірге Ташкент маңындағы су бассейні. Ол бойынша өткен жылы ЮНЕСКО-ның қаржыландыру аясында үлкен жұмыс аяқталды.
«Біздің жұмысымыздың қорытындысы бойынша жер асты суларының халықаралық трансшекаралық бассейндерін басқару мәселесі қаншалықты күрделі екендігі және осы мәселелерді шешуде халықаралық қолдаудың қаншалықты маңызды екендігі айқын болды. Бұл жер асты суларын пайдалануда әрқашан белгілі бір күрделілік пен теңгерімсіздік бар, сондықтан біз барлық қатысушылар мен тыңдаушыларды осы қиын, бірақ аса маңызды тақырыпқа тереңірек үңілуге шақырамыз», — деді Е.Ғалиев.
Үш күн ішінде сарапшылар, гидрогеологтар жер асты суларына қатысты деректерді ұтымды пайдалану үшін тиімді басқару тақырыбында семинар өткізді.
BRGM компаниясының Азия бойынша өкілі Бенуа Журдан жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға көмектесетін жоба мен компанияның қызметі туралы таныстырды.
«Еуропалық Одақ деңгейінде, көптеген жылдар бойы BRGM зерттеу бағдарламаларына қатысады, мемлекеттік саясатты дамытуға және халықаралық ынтымақтастыққа қолдау көрсетеді, осылайша көптеген берік әріптестік қатынастарды қалыптастырамыз», — деді Б.Журдан.
Семинар Францияда да, халықаралық деңгейде де белгілі бір аумақтағы су ресурстары туралы деректерді басқару мәселелерін, сондай-ақ бірнеше пәндерді қамтитын негізгі әрекеттерді қарастырды.
ПІКІР ЖАЗУ