Платформаларда ұсынылатын жалақы төленбейді

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйінсек, елімізде 450 мыңнан астам жұмыссыз бар, бұл көп те емес, аз да емес. 2021 жылдың үшінші тоқсанындағы ресми деректерге сәйкес жұмыссыздық деңгейі 4,9 %-ды құрайды.

Бір қарапайым сұрақ туындайды, бізде барлығына жұмыс жетіспейді ме? Сонда біздің отандастарымыздың арасында көрші елдерге ақша табуға баратындар аз секілді, бірақ бұл да анық емес. Алайда, бізде жұмыссыздар бар және олардың саны ресми деректерде бар екендігі факт болып қала береді. DATAmetrics сарапшылары бос жұмыс орындары орналасқан танымал платформаларын талдау өткізді.

Посткеңестік кеңістіктегі және біздің еліміздегі ең танымал платформа бұл — HeadHunter.

Бүгінгі күні платформада Қазақстан бойынша 30 мыңнан астам бос жұмыс орны көрсетіледі. 18,8 мың бос жұмыс орны бойынша ұсынылатын жалақы 119 100 теңгеден 238 000 теңгеге дейін, 9,5 мың бос жұмыс орны 238 000 теңгеден 357 400 теңгеге дейін төлеуді қамтамасыз етеді, 357 400 теңгеден жоғары жалақы ұсынылатын 8,4 мың бос жұмыс орны бар екендігін көрсетеді. Алайда, ұсынылған жалақы аралықта қиылысады, сондықтан бос жұмыс орындардың жалпы саны сәйкес келмейді. (мысалы, 1 бос жұмыс орын бойынша ұсынылатын жалақы 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейін болуы мүмкін).

9 мың бос жұмыс орны бойынша жұмыс тәжірибесі қажет емес, бұл жерде маңыздысы, абай болған жөн. Себебі, көбінесе бұл жалақы төленбейтін жұмыс немесе тіпті тек жасалған жұмысқа ғана төленетін жұмыс болуы мүмкін. Және біздің елімізде жиі айтылатын тіркестердің бірі ол «жұмыс тәжірибесінсіз жұмысқа қабылдамайды».

Сонымен қатар 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесінің талаптары 13,7 мың бос жұмыс орнын құрады. 3 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар адамдар үшін 8 мың бос жұмыс орны құрады.

Бос жұмыс орындары бойынша негізгі салалар — бұл бөлшек сауда, оған 15% тиесілі, халық тұтынатын тауарлар 9%, ал құрылыс, жылжымайтын мүлік және т.б. 9%, жеке кәсіпкер — 8% және қаржы секторы — 8%. Мамандандыруға келетін болсақ, біздің елімізде сату бойынша менеджерлер сұранысқа ие, олардың үлесі 9%, бухгалтерлер — 7%, сатушы-кеңесшілер — 5% және бағдарламашылар — 3%.

Өңірлер бойынша бос жұмыс орындарына келетін болсақ, платформада көбінесе Алматы және Нұр-сұлтан қалаларының бос жұмыс орындары орналастырылған, олардың үлесіне 61% тиесілі. Көптеген аймақтарда платформадағы бос орындар саны 1000 бірлікке дейін пайдаланылмайды.

 

Datametrics.