Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы спорттық туризмді дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді демалыс және денсаулықты нығайту құралы, экологиялық таза қозғалыс құралы және жол қозғалысы қауіпсіздігі ретінде халықтың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында «Velo-Jas 2023» облыстық веломарафонын өткізуді жоспарлап отыр.
Веломарафон бағыты А. Құнанбаев пен С. Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысынан бастау алса, мәресі Н.Назарбаев даңғылы бойымен Қопа көлінің жағалауында орналасқан автотұрақта болады. Спортшылар 10 велосипедшілер тобынан құрылып, жүретін болады. Басып озуды жеңілдету үшін топтар арасындағы қашықтық кемінде 80-100 м болуы керек. Жетекші топ (ерекше белгілері бар) қозғалыс жылдамдығын (15-18 км/сағ) белгілейді, артта қалушыларды бақылайды және тоқтайды. Жүргізушілерді басып озуға болмайды.
Веломарафонға 14 жастан бастап барлық ниет білдірген спортшылар мен әуесқойлар қатыса алады. Марафонға кез келген велосипедке қатысушылар жіберіледі. Велосипедтер жол жүрісі қағидаларының техникалық талаптарына сай болуға тиіс. Велосипедтердің жарамды күйде және жұмыс тежегіштерінің болуы міндет.
Өтетін орны: Көкшетау қаласының А.Құнанбаев көшесі басындағы Ту тұғыры.
Өткізу уақыты: Ағымдағы жылдың сәуір айының 7 жұлдызы сағат 10:00-де.
Ізгі құрметпен, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі
ПІКІР ЖАЗУ