Жоба тақырыбы: «Таушымылдық- таудың сәні»

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Абай облысы білім басқармасының

Аягөз ауданы білім бөлімінің

«Тарбағатай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

  

 

Жоба тақырыбы: «Таушымылдық- таудың сәні»

Бағыты: Жаратылыстану

 

                                                                Орындаушы : 7-сынып оқушысы Серікбаева Нұрай

                                                                Жоба жетекшісі: биология пәні мұғалімі — Кошкимбаева Назгул Санаковна

 

2022-2023 оқу жылы

 

МАЗМҰНЫ

1. Аннотация   ………………………………………………………………………………. 3
2. Кіріспе   ……………………………………………………………………………………. 5
3. Зерттеу бөлімі   …………………………………………………………………………. 7
  3.1 Таушымылдық сипатттамасы   …………………………………………….. 7
  3.2 Шығу тарихы   …………………………………………………………………….. 8
  3.3 Емдік қасиеті   …………………………………………………………………….. 9
  3.4 Экологиясы(көбейту,күту,қорғау шаралары)   ……………………… 10
  3.5 Таушымылдық экожүйесінің жағдайын зерттеу   …………………. 12
4. Қорытынды   …………………………………………………………………………….. 14
5. Пайдаланылған  әдебиеттер  ……………………………………………………… 16

 

Аннотация

Ғылыми жобаның тақырыбы: Таушымылдық — таудың сәні.

Ғылыми жетекшісі: Биология ғылымының докторы Павлодар педагогикалық университетінің жаратылыстану жоғары мектебінің деканы Ермек Габдуллин

Жұмыстың мақсаты: Өлкемізде  өсетін таушымылдығы  өсімдіктерін зерттей отырып, олардың  адам , қоғам  өміріндегі  маңызын  ашу. Бұл өсімдіктердің таптырмайтын емдік көзі екенін дәлелдеу. Олардың өсетін жерлерін, өсу ерекшеліктерін анықтап, қоршаған ортаны таныту, олардың адам өмірінің, табиғаттағы  таудың  сәні  екеніне көз жеткізу. Тарбағатай ауылындағы таушымылдық экожүйесінің жағдайын зерттеу.

Болжам: Таушымылдық өсімдігін қорғап, көбейту жолдарын анықтап, осы ұсынып отырмыз. Қызыл кітапқа енген таушымылдығының ертеңі мен болашағы туралы болжамды сұраққа жауап табу үшін зерттеу жұмыстары жасалды.

Зерттеу кезеңдері:

1-кезең. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайттардан, ғаламтордан қарау;

2-кезең. Осы материалдарды жүйелеу, тақырыптарға бөлу жүргізу;

3-кезең. Туған  ауыл  табиғатына  саяхат;

4-кезең. Күнделік толтыру, дерексөздерін салыстыру;

5-кезең. Алынған мәліметтерді жүйелеп, түзетулер енгізу;

6-кезең. Нәтижеге байланысты жоба дайындау.

Зерттеулер жүргізе келе, таушымылдық өсімдігін қорғау мақсатында, көпшілік қауымға көмек беретін қажетті қосалқы материал ретінде осы ғылыми жобаны ұсынамыз.

Зерттеу мерзімі:  қаңтар 2021 ж  —  қыркүйек 2022ж

 

Аннотация

Тема научного проекта: Пионы – краса гор

Цель работы: Исследовать растение пион, растущего в родном краю, познавать его лекарственное свойство, умение различать виды пионов, занесенных в красный книге, мыслить об экологической будущее и агитировать их.

Предположение: Призывать все человечество защищать и любить окружающую природу, раскрывая секреты пионов. Пересаживать в аулах, размножить, убедить всех, что природный мир дает многое человечеству.

Периоды исследования:

1-период:  Ознакомление с литературой исследуемого материала;

2-период:  Систематизировать данный материал;

3-период:  Путешествие на природу по родному аулу;

4-период:  Заполнить таблицу, сравнивать материалы;

5-период:  Корректировать собранную информацию;

6-период:  Делать доклад по этой тематике.

Срок исследование: январь 2021г  — сентябрь 2022г

 

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Туған өлкеде өсетін  таудың  сәні — таушымылдығын зерттеу және ауылымызға жерсіндіру арқылы көркейту. Қызыл кітапқа енген таушымылдығының дәрілік  қасиеттерін тану, ажырата білу, болашағы туралы экологиялық ой тастау, насихаттау. Таушымылдық өсімдігін жойылып кетуден сақтау.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы: Жиналған материалдар жалпы білім беретін мектептерде, биология, география, экология, тарих, қосымша факультатив сабақтарда, аймақтық компонент ретінде оқуларына мүмкіндік береді. Қызығушылығын ояту мақсатында қызықты ақпарат немесе мәлімет зерттеу жұмысы ретінде қолдануға болады.

«Өсімдік — өмір кепілі»  деген  қағиданы ұстана отырып, «Таушымылдық-таудың сәні» тақырыбында  өсімдіктің   қасиеттерін білуге  және көбейтіп, азайып кетпеуіне үлес қосып зерттеуге бел будым. Менің  бұл  тақырыпты  таңдауыма  биология пән мұғалімі Назгүл Санаққызы  мен  анам ықпал  етті. Зерттеу жұмысын Тарбағатай ауылының Іргебай, Райбай, Боқас, Орта-Арал  жерлерінен бастадым. Мен жойылып бара жатқан тауымыздың сәні болған таушымылдығын алып зерттедім. Себебі ол өсімдіктің ертеңі мен «жойып аламыз ба?» деген қауіп мені мазалап толғандырды. Мектеп  және  аудан  кітапханаларында болып  осы  төңіректе  көптеген  мәліметтер,  деректер  жинақтадым. Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің  қасиеттері  туралы  деректер  жинала  бастады.

Зерттеу  жұмысына қолданған әдіс-тәсілдерім:

  • Талдау
  • Пікірлесу
  • Зерттеу (экожүйесін,ауылдағы биолуантүрлілігін)
  • Танымжорық(бейнематериал түсіру)
  • Практикалық (материал жинау,емдік қасиетін зерттеу)
  • Күнделік толтыру, кеппешөп жасау.

Қазіргі технология қарқынды дамыған заманда ауаның түрлі себептермен  ластануына байланысты, адамдарда  көптеген  ауру  түрлері көбеюде. Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп  тұрған   қасиеті  жоғары өсімдікті тани бермейміз. Егер әрбір саналы, экологиялық сауатты  азамат  өз елінің  табиғат  сыйлаған  сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмаспа еді. Сондықтан табиғаттың  сыйға  тартқан өз ауылымыздың өсімдіктерін  тану,  оларды зерттей білу,  қасиеттерін  ашу менің алға қойған  басты  мақсат  деп  білемін.

Зерттеу барысында жинақтаған деректерге сүйене отырып, жасалған жұмыс өз нәтижелерін бере бастады. Тауда өскен таушымылдығын гүлдеп біткен соң, мектеп ауласын көгалдандыру үшін ауылға түйнегімен қазып,  «Альпі тауы» сұлбасын жасап, отырғызу  жұмыстары атқарылды. Табиғаты ұқсас болғандықтан тез жерсініп 2022жылдың көктемінде  гүлдей бастады. Бұл өсімдік туралы көптеген деректер жинақталып, жұмыс алға жылжыды. Бос кездің  бәрінде, отырғызған таушымылдығын өсіріп,  баптап,  күттім. Өсіріп ғана қоймай  оларды  экологиялық жағынан қорғау керектігін білдім. Көп  оқуды, білуді  талап етті. Өзім зерттеп жүрген  таушымылдығы өсімдігінің әдемілігі мен әсемдігін және қаншама шипасы бар  екеніне  көзім жетті.

  1. Зерттеу бөлімі

3.1  Таушымылдық сипатттамасы

Әрбір өсімдік ерекше, бірақ біздің облыста өсетін өсімдіктердің бірі әсіресе жарқын және әдемі – таушымылдық өсімдігі (жиырма күндік періште гүл).  Таушымылдық гүлінің атауына қатысты деректер көп, оны сәлдегүл,  пион,  шұғынық, марьин корень депте атайды.

Таушымылдық (Paeonia) –сарғалдақтар тұқымдасына жататын өсімдік. Көпжылдық шөпті өсімдіктер санатына жатады. Бүгінде бұл гүлдің 4500 сұрпы белгілі. Таушымылдық (пион) – император гүлі, себебі оған арадан басқа жәндік жолай алмайды. Қазақстанның шығысындағы таулы, орманды аудандарда кездеседі. Борпылдақ құнарлы топырақтарда жақсы өседі. Қылқан және аралас ормандарда өсетін 2-түрі: кәдімгі Таушымылдық (Р. anomala)  және дала Таушымылдығы (кейде оны жаушымылдық  деп те атайды) (Р hybrіda) бар. Бұлардың биіктігі бірметрден (40-80 см) асады. Тамыры бұтақты әрі жуан, қоңыр түсті, салмағы 5-6 кг болады. Бұтақсыз, сабағы бірнешеу, олар тік өседі. Ірі гүлі бір-бірден сабағының ұшында жетіледі. Үш-үштен шығатын саусақ салалы жапырақтарының шеті тілімделген, сабаққа кезектесіп орналасады. Хош иісті гүлдері қошқыл, қызыл не қызғылт, ақ түсті болып келеді. Қосжынысты, аталығы көп, аналығының саны 1-8 аралығында болады. Мамыр–маусым айларында гүлдеп, шілде-тамызда жеміс салады. Жемісі-жапырақша, тұқымының сырты жылтыр, қара түсті.

Таушымылдықты бақшаны безендіруге немесе композиция жасауға, сондай-ақ емдік мақсатта сәндік өсімдік ретінде өсіруге болады. Бұл әдемі және сирек кездесетін өсімдік Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілгенін, гүл шоқтарын жинап, табиғатта дәрілік шикізат жинауға заңмен тыйым салынғанын ұмытпау керек. Бұл үшін айыппұл қарастырылған. Тағы бір қызықты дерек, Қазақстанда осы өсімдіктің тамырынан сүтте немесе суда бұқтырып ботқа жасайды.

Шұғынық, Тарбағатай төсіндегі гүл атаулының төресі осы. Өзіне дейін шығатын бәйшешек, жауқазын және басқасынан мұның сәні мен салтанаты асып түседі. Өзінен кейін шығатын қоңыраубас, қазоты және басқасы мұның көркін қайталай алмайды.

Алыстан жалындап көрінген күлтесі жақындап қарасаң тым ашық қызыл емес, қызыл мен күлгіннің арасындағы ерекше түсті екенін аңғарасың. Күлтелердің ортасында сап-сары үлпегі болады. Күлтенің түбі тостаған тәріздес, бояуы да қоңырқай. Жапырақтары қыздардың әлі таралмаған шашын еске салатын. Қалың әрі тарам-тарам болып келеді. Сабағы қоңырқай. Гүлдің иісі де өзгеше.

Мамырдың соңына қарай жаппай қауыз ашады. Ауылдан бес шақырым ұзасаң бітті қалың шұғыныққа тап боласың. Мектептегі соңғы қоңырау соғылатын мамырдың 25-іне орай мұғалімдерге сыйлау үшін қырдан жиып келетінбіз. Шұғынықтың бар қызығы бір апта. Аз күннен соң қырдағы алау сөнеді. Жаз ортасында күлте мен жапырақ қурап, сабақты жүрек тәріздес төрт-бес қауашақ қалады. Ішінде қап-қара дән піседі. Одан көп өтпей сабақ қурап, бәрі тып-типыл болмақ. Тау бөктерінде жасыл кілемдей жайқалған шөп болады, соның ортасында қып-қызыл болып гүлдер өсті деп ешкім ойламайды. Тарбағатайға Тәңірдің өзі сыйлаған алқызыл алқаның қайта пайда болуын көру үшін келесі көктемді күтесің.

3.2 Шығу тарихы

Хош иісті таушымылдық – ежелден келе жатқан бақ өсімдігі. Таушымылдық пионның мәдени түрі. Өсімдік атауы жабайы түрлерінің бірі өсетін Грекиядағы Пеония мекенінің атынан шыққан деген болжам бар. 1800 жылдары пион Грекияның барлық бау-бақшасында өсірілген. Ал, оның пион деп аталуына байланысты орыс ғалымдары аңызға ұқсас мынадай қызықты деректі ұсыныпты: «Бұл гүлдің атауы грек емшісі Пеонның есімімен тікелей байланысты. Троян соғысы кезінде грек емшісі жауынгерлерді осы гүлдің арқасында емдеп, аман алып қалған. Пеонның абыройы артқан шақта оның ұстазы Эскулап шәкіртінің жетістігін қызғанып, сол гүлмен Пеонды уламақшы болады. Қаншама жауынгерді аман алып қалған шәкіртті құдайдың өзі қолдап, осыдан бастап адам жанының арашасы болсын деп Пеонды әдемі гүлге айналдырып жіберген деседі».

Таушымылдық Қытайда өте ерте заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріліп келеді. Бұл гүлді қатты ұнатып, бақтарында таушымылдығының бірнеше түрлері мен сұрыптарын өсіретін болған. Қазіргі кезде оның бір мыңнан аса сорты бар.  Желектерінің бояуы жағынан ол раушан мен бәсекелесе алады. Аппақ, ақшыл, қызғылт, қызыл, ақсары гүлді сұрыптары бар.

Еуропада алғашқыда ақгүлді таушымылдық өсірілген. Хош иістісі бірлік, алабұта тамыры деп аталатын өсімдік мұнда ХVII ғасырдың аяғында Ресейден әкелінген. Гүлдерінің қанық түсі, хош иісі, сәнді шөбіне орай таушымылдық ең жақсы көпжылдық өсімдігіне жатқызылады. Оның ең ұзақ жасайтындары бір орында ондаған  жылдар бойы өсе береді. Тіпті олардың орнын ауыстырмай  ғасырдан артық өмір  сүргені жайлы деректер де бар. Дала таушымылдығы батыс Сібір мен Орта Азияның таулы аудандарында кездеседі.

3.3 Емдік қасиеті

Таушымылдықты медициналық мақсатта жиі қолданылады. Оның негізінде тұнба жасалады, ол көп мөлшерде түрлі ауруларда пайдаланылады. Бүгінгі таңда таушымылдық тыныштандыратын дәрі ретінде, ұйқы бұзылған кезде, неврозда, рак ауруының кейбір түрлерінде, зат алмасу бұзылғанда және т.б. пайдаланылады.

Таушымылдықтың тамырында эфир майы, салицин глюкозиді, крахмал, танин және аздаған алколоидтар болады. Оның тұнбасы тәбет ашады, асқазан сөлінің қышқылын арттырады. Кейбір елдерде безгекті емдеуге пайдаланылады. Оның тамырын рак, сүйек ауруларын емдеуге қолданады. Ал, сабағынан табиғи әк алуға болады  Соңғы  кездері тамыр тұнбаларын жүйке ауруларын емдеуде қолданады.

Емшілер барлық дәрі-дәрмекке пионның тамырын міндетті түрде қосқан. Ол адамды тыныштандырып, ұйқысын қалыпқа келтірген. Уақыт өте оның кей түрлерін тіпті, тамаққа дәмдеуіш ретінде де қолданыпты. Жапондықтар болса бұл өсімдікті гүл емес, қытайдың дәрісі ретінде қабылдайды.

Дене салданғанда, бет-ауыз қисайғанда, қан ұю сипатты бауыр айналасы ауырғанда, тамыр тығындалғанда, қан тамырының тартылуына, тамырдың тығындалуына, жүректің айдарша соқпа тамырына қан жетіспеуі, ми тамырларының ауруына,  етеккір шаншуына, емшек безі жедел қабынғанда шұғынықтың тұнбасын ем ретінде қолданады.

3.4 Экологиясы (көбейту,күту, қорғау шаралары)

Сирек  кездесетін өсімдіктерді сақтап қалу үшін 1981 жылы Қызыл кітап ұйымдастырылды. Сақтау  үшін популяцисының жағдайына бақылау жасау қажет, гүлін жинауға тыйым салу керек, ал тамырсабағы мен түйнегін  дайындауды реттеу қажет. Заңсыз алу, дайындау, өсімдікті зақымдау немесе жою  барлық категориялардағы  жерлерде Қызыл Кітапқа  енгізілген өсімдіктерді, мейлі жеке  және заңды  тұлғалар  болсын, әрбір шөпті өсімдік үшін  немесе саңырауқұлақ үшін, арнайы рұқсаттамасыз алынғаны үшін айыппұл  салынады. Залал келтіргені үшін айыппұл  мөлшері 0,5 АЕК, ҚР ҚК №441 31.05.2007 жылы бекітілген. Жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін сонымен қатар пайдалануға рұқсат етілмеген  өсімдіктер  түріне  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарда, ҚР ҚК 339 бабы бойынша  қылмыстық  жаза  қолданылады  және 3- 7000 айлық есептік  көрсеткішке  дейінгі  мөлшерде  айыппұл  салынады.

Марқакөлдегі ағайын Шұғынықтың тамырын кесіп, осы тамырды азық қылуға келген құртты қазып алып, Қытай асырады екен. Бағасы да арзан емес. Быжынаған жәндікті көрсе тәбеті ашылатын қытайлар бұл құрттың  келісіне 8 мың доллар ұстатады. Бірақ, мақсаттары азық қылу емес. Хынан өлкесінің Лояң қаласында 1984 жылдан бастап осы гүлдің құрметіне ерекше мереке ұйымдастырылып келеді.

Үзілген гүлді ұзақ уақыт сақтау үшін бірқатар ережелерді білген дұрыс. Қай мерзімде үзудің керектігін  білудің  маңызы  ерекше. Таушымылдық гүлдерін  қауызын енді  жарып келе жатқанда үзген дұрыс.

Қазақ шұғынық гүлдеп тұрған аумақты мал тұяғымен таптау табиғатқа деген қатігездік деп білген. Әлемді құтқаратын сұлулық осы гүлдің томпиып, ұзақ уақыт жабық күйде тұратын күлтелерінде деп оны ерекше қастерлеген. Себебі, қазақ кез келген дүниені киелі деп әспеттей бермеген. Бір жұмбақтың бары анық. «Ымды неге түсінбейсің?» деп мылқаудың күнін кешіп тұрған шығар. Тарбағатайдың қойнауында шұғынық соншалық көп өсетіндіктен күндердің күнінде осы гүлге қатер төнеді деп кім ойлаған. Қазақта «түлкінің қызылы – өзінің соры» деген мақал бар. Шұғынықтың соры бірақ, күлтесінің қызыл екендігіне қатысты болмай шықты.

Жоғарыда айтқанымыздай, мұның соры алаулаған әдемі күлтесі болмай шықты. Күлтесіне бола жыл сайын бірнеше құшақ етіп теріп келетініміз – шұғынықтың өсу мен таралу кеңістігіне айтарлықтай залал әкелмейтін. Рас, тұқымы жетілмей жұлынды. Бірақ тұқымның топыраққа түсіп, одан өсіп шығуы – гүл үшін оның біріндей ғана мүмкіндік. Ол – тамырдан өсетін көп жылдық өсімдік. Тамырына тиіспесең келесі көктемде қайта шығады. Тұқым арқылы жаңа жерде өсіп кететіні некен-саяқ.

Табиғатта ғылыми атауы Hepialus armoricanus аталатын, біздіңше, көп жынды көбелектің бірі бар. Сол өсіп-өнуі үшін жұмыртқа бастап, одан жұлдызқұрт шығады. Жұлдызқұрт шұғынықтың тамырын жеп, қуыс жасап кіреді. Енді төрт айдай уақыт өткенде тамырға тығылған қауашақтан көбелек те, саңырауқұлақ та емес, мүлде басқа талшық өсіп шығады. Ол жер бетіне талпынады. Бірақ жете алмай қатып қалады. Ғылыми аты – кордицепс. Бұл талшықтан Бета-каротинді дәрі жасайды. Жүректі, көзді емдейді.  Адамды ерте қартайтпайды. Қатерлі ісіктің алдын алады.

Бірақ біздің ауылдағы  шұғынық тамыры түйнекті ондай құрт шықпайды. Біз оны әдемілігі, емдік қасиеті үшін қорғаймыз.

3.5  Тарбағатай ауылындағы таушымылдық экожүйесінің жағдайын зерттеу (Симпсон индексін қолдана)

Болжам:

А. Райбай жерінде  таушымылдық биоалуантүрлілігі  орташа

В. Іргебаймен салыстырғанда жоғары

С. Боқас аумағында жоғары

Таушымылдығының  биоалуантүрлілігі қай аймақта жоғары және экожүйесінің жағдайы қандай?

Биоалуантүрлілікті төмендегі теңдеу бойынша Симпсон индексін (D) есептеу арқылы анықтауға болады:

Егер формулада 1 саны болса, ол полидоминанттылықты анықтауға арналған формула;

Егер, 1 саны болмаса, онда Д басымдық индексі деп аталады.

Мұндағы:

D – Симпсон индексі

N – барлық түрлердің жиынтығы

n – жеке түрлер саны

∑ —  жиынтығы (барлық түрлер)

Деректер мен нәтижелер

Таушымылдық Жеке түрлер саны (n) Жеке түрлер саны

(n – 1)

n(n – 1)
А.таушымылдық Райбай 20 20-1 20 (20-1)
В.таушымылдық Іргебай 15 15-1 15 (15-1)
С..таушымылдық Боқас 30 30-1 30(30-1)
𝑵 (барлық түрлердің жалпы саны) Барлығы (N) =65

N – 1= 65-1

N(N – 1) = 65(65-1)

 380       210      870          Σ    1460

D мәні 0-ден 1-ге дейін. Осы индекспен 0 — шексіз биоәртүрлілікті және 1 — биоәртүрліліктің болмауын білдіреді.  Яғни, мән неғұрлым көп болса, әртүрлілік соғұрлым төмен болады. Біздің  деректер нәтижесінде 0,35 саны шығып тұр .Бұл дегеніміз Тарбағатай аулында таушымылдығы жоғары биоалантүрлілікке ие дегенді білдіреді. Сондықтан болашақта таудың сәні болған таушымылдығын  көбейтіп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білейік!

ҚОРЫТЫНДЫ

Қоршаған  ортаның  адамдарға  тигізетін  әсері орасан  зор  екендігі   белгілі. Айтып өткендей, ауылда  өсімдіктер түрлері  өте  көп. Соның бірі, жойылып бара жатқан тауымыздың сәні болған таушымылдығын алып зерттедім. Өсімдіктің ертеңі мен «жойып аламыз ба?» деген қауіп мазалап толғандырды.  Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп  тұрған   қасиеті  жоғары өсімдікті тани бермейміз.

Туған жерде өсетін таушымылдығы өсімдіктерінің құпиясын аша, зерттей отырып, адамзат қауымын өзін қоршаған табиғат аясын қорғауға және оны аялап ұстауға шақырамыз. Таушымылдығын ауылға әкеп, отырғызып, оны жерсіндіріп көбейту жұмыстарын жүргіздік.

Осы зерттеу жұмысымның нәтижесінде таушымылдық(шұғынық) қасиеттерін біліп, қолданып, тіпті нәтижесінде де көріп үлгердік.

Әкем сырқаттанып қалған кезде, шұғынық, қарақұмық, аю балдырған, долана, шабдалы дəнін алып талқандап, өңделген бал қосып домалақ дəрі жасап бердім. Таңертең-кеште бір талдан ішіп жүрді. Шынымен, таушымылдықтың емдік қасиетіне өзімнің көзім жетіп ғана қоймай, өзімді қоршаған адамдарға таныстырып, үнемі дәлелдемелерді алға қойып отырдым.

Жоғарыда айтылған деректер мен дәлелдемелерді қорыта келе, «тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар» демекші зерттеу  жұмыстарының  оң  нәтижелерін  көре  отырып  мынадай  ұсыныстарды  алға  міндет етіп  қойғым  келеді:

— мектеп  оқушыларына  өз  жерінің   өсімдіктерін  таныту  мақсатында жазғы  демалыстарында  мамандар немесе  мұғалімдер  топсеруендер  ұйымдастырса;

— мектеп  қабырғасынан  өз ауылымыздың   өсімдіктерінің қасиеттерін біліп,  арнайы  өсіріп,  баптап,  зерттеп,  күтетін  бұрыш ашсақ;

— тек ауылымыздың табиғи  дәрілік  өсімдіктерді  және олардың  емдік   қасиеттерін  жарнамалайтын  дәріханалар  ашылса;

— ауылға таушымылдығын(шұғынықты) әкеп отырғызып оны жерсіндіріп, көбейтіп,көркейту жұмыстарын жүргізсе;

— таушымылдығының Марқакөл, Батыс Алтай қорығындағы және Талдықорғандағы Марьин корень (маракарин) деп атаған осы өсімдікті көріп, біз жақтағы шұғынықтан қандай айырмашылығы бар екенін( әсіресе тамырын) әрі қарай зерттесем.

Тарбағатай аулында таушымылдығы жоғары биоалуантүрлілікке ие. Болашақта таудың сәні болған таушымылдығын  көбейтіп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білейік!

Сондықтанда таушымылдық өсімдігін қорғау мақсатында, көпшілік қауымға  үндеу тастаймыз.

                                         Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ә.Іскендіров. «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері». Алматы «Қазақстан» 1982ж
  2. Р.Ә.Әлімқұлова, М.А.Тартенова «Өсімдік- табиғат қазынасы» Алматы 1984ж.
  3. П.С.Массагетов «Өсімдік әлеміне саяхат». Алматы, 1998ж
  4. Б.Қалиев «Өсімдік атаулары.Орысша- қазақша сөздік» Алматы, 1993ж
  5. М.Қожабеков «Дәрілік өсімдіктер» Қазақстан, 1975ж
  6. М.Оспанова, Ж.Лұқпанов . «Өсімдік- жанға шипа, дертке дауа» Қайнар, 1992ж
  7. Биология және салауаттылық негіздері. 2005ж №3.
  8. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы»(Ә.Ә. Әметов,
  9. «Ботаника системетика»растений. Москва «Просвещение »1975 г ( Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)
  10. 10. «Гүлстан» журналы. Әр бұтаның өз гүлі бар.26.01.2018ж Гөзел Құлжабаева
  11. kk.m.wikipedia.org kz https://kk.m. wikipedia.org
  12. massaget.kz https:// massaget.kz zharatylystanu
  13. oinet.kz https://www. oinet.kz Showinfo
  14. Google Paeonia veitchii
  15. Пәндік білім мен құзыреттілікті тереңдету мақсатында «Жаратылыстану» және «Биология» пәндері бойынша оқытуды ұйымдастыру және іске асыру ерекшеліктері 7- күн. «Өрлеу» курс. 17.06-8.07.22ж ЦПМ Қ.Рпедагогтерінің біліктілігінарттырудың «Мектептегі биология сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» білім беру бойынша курс
  16. kzvesti.kz сайтынан алынды
  17. Қазақтың дәстүрлі медицинасындағы дәрілік шөптер 2-бөлім
  18. «Шұғынық гүл төркіні» өлеңі авторы Жұматай Жақыпбаев 23.09.2021