Белгілі саясаттанушы Екатерина Шульман осы аптада М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің студенттері мен магистранттарына арнайы дәріс оқыды. Сондай-ақ 600-ден астам тыңдаушы қатысқан «M.Narikbayev Public lecture» әлеуметтік жобасында «Қазақстан: ауыспалы кезеңдегі қоғам және құндылықтар» тақырыбында қоғамдық дәріс өткізді.
Сонымен қатар Екатерина Шульман М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің associate professor болды. Ол университетте саясаттану пәнінен сабақ беретін болады.
Е.Шульман студенттерге «Еуразиялық кеңістіктегі геосаяси жағдайды талдау: саясаттанушының көзқарасы» тақырыбында алғашқы дәрісін оқыды. Кейін магистранттарға «Ақпараттық «серфинг»: сарапшының сауатты саяси талдау дағдыларын дамыту жөніндегі кеңестері» тақырыбында дәріс өткізді.
Екатерина Шульман – саясаттанушы және публицист, саясаттану ғылымдарының кандидаты, заң шығару мәселелері бойынша сарапшы маман.
ПІКІР ЖАЗУ