Алматы облысында заңсыз шет ел асыруға дайын тұрған 500 келі ақбөкен мүйізі тәркіленді.
Оқиға, ағымдағы жылдың 28 шілдесінде сағат 14:00 шамасында орын алды. Алматы облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қызыл кітапқа енген ақбөкеннің мүйізін сатты деген күдікпен 25 және 43 жастағы азаматтар ұсталды.
«Жедел жұмыстар барысында ұсталғандардан 500 кг ақбөкен мүйізі тәркіленді. Алдын ала деректер бойынша, күдіктілер дериваттарды ҚХР-ға 55 млн.теңгеге өткізуге тырысты. Оларға қатысты ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауға алынды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», — деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
ПІКІР ЖАЗУ