Қоғам дертіне айналған психоактивті сусынға байланысты ақпараттарды, Алматы мен Жетісу облысындағы ащы суға құмар адамдардың статистикасын, мән-жайды Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы ММ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК, Директордың наркологиялық қызмет жөніндегі орынбасары Байкалова Жанна Елтаевнамен сұхбаттаса отырып анықтадық.
— Ішімдікке салынудың ағзаға тигізер әсері қандай?
— Ішімдік дегеніміз – құрамында этил спирті бар, қысқа мерзімді психикалық және адамның мінез-құлқы мен тәртібіне әсер ететін психоактивті сусын. Ішімдіктің ағзаға келесідей әсерлері бар: ішімдікті іше салысымен , ол ауыз қуысынан бастап, өңеш жолдарына, асқазанға, 12 елі ішекке бірден еш кедергісіз түсіп, осы ағзалардағы шырышты қабат жолдарына өте жоғарғы деңгейде тітіркендірдіреді. Содан соң, бүкіл ағзаға бірден диффузды түрде тарап, ең алдымен, бас миына әсер етеді.
Алкоголдік ішімдіктердің бас миына әсері келесідей: орталық жүйке жүйесінде ГАМК (гамма-амино-майлы қышқыл) деген рецепторлар болады. Этил спирті ол рецепторлармен зат алмасуы жүруі себепті ГАМК рецепторлары белсенділігі төмендейді, соның салдарынан мінез-құлқында көңіл-күйінің төмендеуі, іс-қимылының баяулауы көрініс береді. Дофамин деген рецепторлар болады орталық жүйке жүйесінде, ол рецепторларға этил спирті әрекеттесуі салдарынан, дофамин деңгейі жоғарлап, мінез-құлқындағы ашулану, агрессиялы мінезінің және қоғамға қауіпті мінез құлықтардың пайда болуы көрініс береді.
Этил спирті асқазан ішек жолдарының шырышты қабатына өте зиян, этил спирті шырышты қабатты жоғары деңгейде тітіркендіру арқылы гастритті атрофиялы түріне немесе өте көп жылдар бойы үзбей қолдану осы жоғарғы деңгейдегі шырышты қабатқа тропты әсері негізінде асқазаy-ішек жолдарынан қан кетуді тудыруы мүмкін.
Сонымен қатар, этил спирті организмге түсіп, таралған соң, этил спиртінің қалдық өнімдері қуық безіне жиналады. Яғни, этил спирті көп жағдайда ер адамдар бедеулігіне алып келеді.
— Ащы суды тұтынушылардың жас шамасы қаншада?
— Қазақстан- алкогольді көп тұтынатын елдердің қатарына кіреді. Жас шамасына келер болсақ, алкогольдік сусындарды тұтынудың ең жас мөлшері 15 жастан басталады. 15 жастан 18 жасқа дейін алкогольді қолданып көрген жастар саны Қазақстан бойынша 33 пайызды құрайды. Ал алкогольді тұтынатын ең жоғарғы жас мөлшері статистикалық және ресми ақпарат көздерінде нақты айтылмаған, дегенмен, жеке ойым 75 жас деп ойлаймын. 75 жастан соң, қарт адамда соматикалық аурулары асқына бастауы салдарынан тұтыну азаяды.
— Маскүнемдікті қалай емдейді және қанша уақыт?
— Бірінші этапы – алкогольдік сусындармен жедел улану кезінде алкогольді адам организмінен тазарту этапы. Яғни, алкогольдік интоксикацияға қарсы ем. Бұл этапта организмдегі этанолды изотоникалық ерітінділер көмегімен организмнен шығарады.
Екінші этапы – алкоголь рецидивіне қарсы ем. Бұл этапта алкогольдік ішімдікке деген құмарлықты азайтатын фармакологиялық дәрі -дәрмек береміз, көбінесе таблетка түрінде. Оған мысал ретінде, алкосон дәрі дәрмегін айтуға болады.
Үшінші этап – медико-әлеуметтк оңалдыру этапы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігінің денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі эксперттік комиссиясының 12.12.2013 жылғы № 23 -нші протоколы бар. Сол протокол негізінде айтатын болсақ, медико-әлеуметтік оңалтудың 3 этапы бар.
Медико-әлеуметтк оңалтудың бірінші сатысы – бір ай жүргізіледі. Бұл бірінші этап кезінде спирттік ішімдіктен тыс өмір сүруге пациенттерді психотерапиялық, психологиялық, сонымен қатар еңбек терапиясы арқылы үйрету, фармакологиялық және физиотерапевтикалық тәсілдермен абстинентті синдромнан кейінгі психикалық денсаулықты қалпына келтіруге арналған шаралар жүзеге асады.
Медико-әлеуметтік оңалтудің екінші сатысында пациенттерді ішімдік ішіп кетпеу үшін сау жүр ме, жоқ па, қатаң бақылау жүргізіледі. Реабилитация бастапқы сатысында жүргізілген психофармакологиялық ем жалғасын табады, алкогольдік ішімдікті ішпей үйрету мақсатында пациенттермен психотерапевтикалық форматта индивидуальды және топтық әңгімелесулер және арнайы психотерапиялық бағдарламалар жүргізіледі. Бұл саты екі айға созылады.
Медико-оңалтудың үшінші сатысында осы екі этаптағы қолданылған емдік психотерапевтикалық, психофармакологиялық тәсілдер жалғасын табады. Бұл этапта пациенттерді отбасылық өмірге, әлеуметтік өмірге оралту үшін психотерапиялық жаттығулар, топтық жаттығулар жалғасын табады. Бұл саты екі ай жүргізіледі.
— Араққа тәуелді болудың себебі?
— Орталық жүйкее жүйесінде глицин деген рецептор және N-метил-D-аспартатты (NMDA) рецепторлары болады, олар бір-бірімен байланысып жүру керек. Этил спирті немесе этанол глицин мен метил-D-аспартатты (NMDA) рецепторлары арасындағы тікелей байланысты баяулатады. Осы рецепт баяуласа, алкоголь организмде бұрынғы мөлшерде түссе, адам бұрынғыдай тез масаймайды, эффект аз болып көрінеді. Кейін маскүнем адам рахаттану, босаңсу бастапқы сезімдерін келтіру үшін, бұрынғыдан көбірек мөлшерде алкольдік сусындарды ішу керек болады. Мысалы , бастапқы кезде 500 мл ішімдік рахаттану, босаңсу сезімін тудырса, келесі жолы бұл эффект тек 800 мл ішімдік ішкенде пайда болады, уақыт өте келе бұл мөлшер ары қарай өсе береді. Сөйтіп, тәуелділік пайда болады.
— Әйелдер маскүнемдікке жиі шалдыға ма, статистикалық тұрғыдан айтып берсеңіз?
— Әйелдердің алкогольдік ішімдіктерді ішу көрсеткіші бұрын әр 5 адамға 1 әйел болған. Бұл көрсеткіш 10:5 құрайды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша Қазақстанда әр жан басына шаққандағы таза этанолды тұтыну мөлшері жылына 11 литрді құрайды.
— Араққа салынғандар ішінде өлім жиі тіркеле ме ? Статистикалық мәліметтер болса
— Біріккен Ұлттар Ұйымы мәліметі бойынша араққа салынғандар ішінде өлім жиі тіркелетін елдер ішінде әр 100 мың адамға шаққандағы өлім деңгейі бойынша Африка мемлекеттері алады, Африка елінде әр 100 мың адамға шаққанда алкоголизмнен 140 адам қайтыс болады. Ал бүкіл әлем бойынша Қазақстан 10-орынды алады. Қазақстан бойынша 100 мың адамға шаққанда 62 адам алкоголизм салдарынан қайтыс болады . Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы мәліметі бойынша, жыл сайын әлемде 3 миллионға жуық адам алкоголь әсерінің организмге болған зияны салдарынан өлім тіркеледі. Әлемдегі әр 20-ншы өлім ішімдік ішу салдарынан болады, соның ішінде 75% – еркектер өлімі.
— Арнайы ем алғандардың қанша пайызы құлан таза айығады?
— Маскүнемдіктен құлан таза айығу бүкіл әлем бойынша тіркелмеген, сол себепті Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы алкоголизмді «әлемдік қауіп-қатер» деп есептейді. Дегенмен, ұзақ жылдар бойы ішімдіксіз сау ғұмыр кешуге болады, он шакты жыл ішімдік ішпей кеткен науқастар да бар. Ол адамның ішімдікке деген көзқарасы мен ішімдік ішуге деген өзін-өзі тежей білуі, 3 этапты ем өткеннен кейінгі адамның әлеуметтік ортасына да байланысты болады. Республикалық ғылыми практикалық психикалық орталығының және ресми әдебиеттерде алкоголизмнің себеп салдарының бірі ретінде әлеуметтік мәдени факторларды көрсетеді. Яғни, әлеуметтік ортада ішімдік ішетін адам болмаса, ішімдікті еске салатын (ғылыми тілде пермиссівті фактор деп атайды ) факторлар болмаса, ұзақ уақыт ішімдік ішпей өмір сүруге болады.
— Емделушілер үшін қайта келушілер көп пе?
— Аз емес деп айтуға болады. Себебі алкоголизмді ұзақ уақыт қолданып жүрген адамда алкоголизмге тәуелділік болады. Жоғарыда айтқанымдай, Орталық жүйке жүйесінде глицин деген рецептор болады және N-метил-D-аспартатты (NMDA) рецепторлары болады, олар бір-бірімен байланысып жүру керек. Этил спирті немесе этанол глицин мен метил-D-аспартатты (NMDA) рецепторлары арасындағы тікелей байланысты баяулатады. Осы рецепт баяуласа, алкоголь организмде бұрынғы мөлшерде түссе, адам бұрынғыдай тез масаймайды, эффект аз болып көрінеді. Сосын, маскүнем адам тағы да ішеді. Алкогольді ішімдікті ішуді тоқтатқан кезде организмде дофамин рецепторларының мөлшері кенеттен азаюы салдарынан , бас ауруы, қол аяқтарының тырысып тартылуы, жүрісінің дұрыс болмауы, ұйқысыздық мазалайды. Бұл клиникалық белгіер алкогольді абстинентті синдром деп аталады. Бұл жағдай науқасқа қиындық туғызатындықтан туыстары немесе өзі жедел жәрдем шақырып та келіп жатады. Көмек көрсету- біздің міндет болғандықтан, емдеуге қабылданады.
— Нашақорды нашамен емдей ме? Емдеу шараларына тоқталсаңыз
— Есірткінің түріне байланысты. Көп кездесетіндер, ол каннабиноидтар және опиоидтар.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту» орталығының эксперттік Кеңесінің 2015 жылғы 27 тамызындағы №7 протолы бойынша , каннабиноидтармен түскен науқастарды емдеудің этаптарына келесілер жатады:
- Амбулаторлы деңгей: Бұл этапта науқастармен алғашқы дәрігерлік консультация жүргізіледі. Диагнозды растау мақсатында диагностикалық шаралар жасалынады. Арнайы есепке алу жүргізіледі.
- Стационарлы деңгей (медико-әлеуметтік оңалдыру / реабилитация) – оның үш деңгейі бар:
- Медикаментозды түзету – дәрілік заттар көмегімен психотикалық, тәртіптік бұзылыстарды қалпына келтіру — ұзақтығы 20 күнге дейін
- Психотерапия және реабилитация – есірткісіз өмір сүруге үйрету мақсатында индивидуалды және топтық тренинг, әңгімелесулер, психофармокологиялық терапияны жалғастыру – ұзақтығы 60 күн
- Әлеуметтік оңалту- әлеуметтік ортаға қайтадан үйрену мақсатында науқас пен оның отбасы, туған туыскандары арасында байланысты жетілдіру, психотерапиялық жеке және топтық кеңестерді жалғастыру, сау өмір салтын ұстау жөніндегі бақылау (контроль трезвости) жүргізіледі. Ұзақтығы – 60 күн.
Опиаттармен түскен науқастарды емдеу шаралары
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту» орталығының эксперттік Кеңесінің 2015 жылғы 27 тамызындағы №7 протолы бойынша , опиаттармен түскен науқастарды емдеудің этаптарына келесілер жатады:
Каннабиноидттардағыдай , стационарлы деңгейден басталады.
- Стационарлы деңгей (медико-әлеуметтік оңалдыру / реабилитация) – оның үш деңгейі бар:
- Медикаментозды түзету – дәрілік заттар көмегімен психотикалық, тәртіптік бұзылыстарды қалпына келтіру — ұзақтығы 20 күнге дейін
- Психотерапия және реабилитация – есірткісіз өмір сүруге үйрету мақсатында индивидуалды және топтық тренинг, әңгімелесулер, психофармокологиялық терапияны жалғастыру – ұзақтығы 60 күн
- Әлеуметтік оңалту- әлеуметтік ортаға қайтадан үйрену мақсатында науқас пен оның отбасы, туған туыскандары арасында байланысты жетілдіру, психотерапиялық жеке және топтық кеңестерді жалғастыру, сау өмір салтын ұстау жөніндегі бақылау (контроль трезвости) жүргізіледі.
— Есірткіге тәуелділердің ішінде ВИЧ инфекциясының саны көп пе ?
— Біріккен Ұлттар Ұйымы мәліметі бойынша , «әрбір вена ішіне наркотик қабылдайтын» 8-нші науқаста ВИЧ инфекциясы бар.
— Жыл сайын есірткіден қанша адам қайтыс болады? Өткен жылы Жетісу және Алматы облысында көз жұмған адамдар санын айтсаңыз?
— Алматы ж/е Жетісу облыстарында алкоголизммен есепте тұрған науқастар саны 4949-ға жеткен, оның ішінде әйелдер саны 920-ны құрайды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы мәліметі бойынша, осы Ұйымға мүше 93 мемлекеттің ішінде Қазақстан 34-нші орында. Орта шамамен, жылына Қазақстан бойынша орта есеппен 2017 жылы 140 адам, 2018 жылы есірткі салдарынан 222 адам қайтыс болды. Еліміздегі соңғы жылдардағы мәліметтер көрсетілмеген.
— Мәжбүрлі емдеуден нәтиже бар ма, жалпы диспансерден шыққан соң нашақорлардың қанша пайызы бұрынғы өміріне қайта оралады, яғни есірткі тұтынуын жалғастырады??
— Ашық ақпарат көздерінде бар ресми докладтарға сүйенсек, диспансерден шыққан соң нашақорлардың 47,7% бұрынғы өміріне қайта оралады, яғни есірткі тұтынуын жалғастырады.
— Нашақорлықтан құлан-таза айығып кету мүмкін бе ?
— Ұзақ уақытқа дейін сау жүру мүмкіндігі бар. Құлан таза айығу әзірге тіркелмеген еш мемлекетте.
— Есірткіге тәуелділер арасында әйелдер көп пе, әлде еркектер ме?
— Әр мемлекетте ір түрлі. Келесі бетте, Америка құрама штаттары үшін кесте көрсетілген.
Біздің мемлекетіміз үшін ашық ақпарат көздерінде нақты ақпарат келтірілмеген. Ресей үшін 50/50.
— Есірткіге әуестік қай кезден басталуы мүмкін?
— Көбінесе жасөспірім кезден басталады, әлеуметтік ортасында есірткіге әуес ата-анасы бар балалар болса, ол девиантты тәртіптегі балалар ретінде қарастырылады. Нақты жас мөлшері белгіленбейді, есірткімен бірінші танысудан бастап әуестік басталуы мүмкін.
Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:
— ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытынын болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы; -әлеуметгік-экономикалық жағдайының төмендігі.
— отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы;
— әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;
— мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі,
— достарының арасында нашақорлардың бар болуы;
— өзінен жасы үлкен достарынын жетегінде жүруі;
— Нашақорлықтан айығудың қандай жолдары бар?
— Тек кана дәлелді медицина жолымен айығады. Емдеу жолдарын жоғарыда жазып кеттім.
— Қалай қоюға болады, ағзаға қандай кері әсері бар , жасөспірімдер арасында шылымға тәуелділік қаншалықты жоғары, қойдырту үшін арнайы ем шаралары бар ма ?
— Есірткінің ағзаға келесідей әсері бар: Қолданғаннан кейін бірден қорқыныш сезімінің, үрей пайда болады. Себепсіз күлу, аяқ қол қол қимылдарының ретсіздігі пайда болады. Көз қарашығы ұлғаяды, бет әлпеті ерекше қызарады, бетін ұстасаңыз ыстық болып тұрады. Алғашқы рет қолданғанда «бүкіл дене бойында жылу» жүріп өткендей сезінеді. Бұл бірінші фазасы, Екінші фазасында қоршаған ортаны дұрыс қабылдау қаситеті жоғалады : адам өз өзіне есеп бере алмайды, не істеп тұрғанын түсінбейді, бір орында үнсіз қатып қалу (зависание) болуы мүмкін. Үшінші фазасында ерекше күлу мен бір мезгілде себепсіз жылау, көрші тұрған адамның сөзі мен ісін себепсіз қайталау, сонымен қатар үнсіз бір орында тұрып қалу , тершеңдік, өңінің бозаруы байқалады. Төртінші фазасында; әлсіреу, іс қимылы баяулауы, апатия көрініс береді. Бұл сатыда аппетит ерекше жоғарлайды, 10-15 сағатқа ұйықтап қалуы мүмкін. Есірткіні өз бетінше қою мүмкін емес, сондықтан дәрігерлерге жүгіну керек.
— Әйелдер мен ерлерді алып қарағанда пайыздық мөлшерлемесі бар ма? Қайсысы көп тұтынады?
— Жасөспірімдер арасында шылымға тәуелділік қаншалықты жоғары екендігін 2022 жылы 05 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрі:
««Шылым шегу ҚР бойынша 15 жастан баасталып отыр , олардың үлесі – 21,5%, ересектер бойынша ерлердің үлесі – 38%, әйелдер – 6,4%. Шылым шегудің басталуының орташа жасы – 17 жастан 18 лет жасқа дейін», — деген еді.
«Мектептегі зерттеулер бойынша 15 жастағы ұлдар арасында шылым шегушілер үлесі – 10%, қыздардың үлесі – 6%. Жасөспірімдер арасында электронды шылымдар қолдану кездесіп жатыр . 15 жастағы электронды шылым шегуші ұлдардың үлесі – 14% қыздар арасында электронды шылым шегушілер үлесі — 6%», — деп мәлімдеді ҚР ДСМ министрі А.Ғиният осы жылы сәуір айында.
ПІКІР ЖАЗУ