«Алатау» дәстүрлі өнер театры Павлодарда

Ринат Рифхатұлы Заитовтың басшылығындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театры төл өнеріміздің орнын айшықтай түсу, қанатын кеңге жаю мақсатында 2022 жылдың 10-28 маусым аралығында «Әгугай мен Игигай» атты халық ертегілері мен дәстүрлі әндерден құралған балаларға арналған музыкалық қойылым (2022 – Балалар жылы аясында), «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші, айтыскер ақын Ринат Заитовтың «Мен сендерді жақсы көремін, адамдар» атты музыкалық кеші, сондай-ақ «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен (премьера) Нұр-Сұлтан, Павлодар, Екібастұз, Семей, Курчатов, Абай және Аягөзге гастрөлдік сапарлармен баруды жоспарлаған болатын. Бұл сапардың Театр үшін тұңғыш рет екенін айта кеткен жөн. Театрдың көркемдік жетекшісі – Жұлдызбек Жұманбай.

«Алатау» дәстүрлі өнер театры Нұр-Сұлтан, Екібастұз қалаларынан кейін 18, 19 маусым күндері Павлодардағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры мен Ertis Promenade-те өнер көрсетті.

Дәстүрлі өнердің қадірін ұғынған көпшілік бір серпіліп қалды. Ақ жол тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Баталарын берген үлкендер де болды.

Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора