Ғаламтордағы ақпаратқа сүйесек, секта дегеніміз – белгілі бір дінге толық жатпайтын, кейде қарсы мағынадағы кейіпте жүретін жаңаша ағымдар. Алайда секта түсінігі – қазіргідей үнемі жағымсыз мағынада қолданылған жоқ.
Адамзат тарихына көз жүгіртсек, жалпыға ортақ наным-сенімдер түсінігінен ажырап, жаңа кішігірім болып қалыптасқан діндер өте көп. Тіпті, кейбір деректерде, Христиан дінін кезінде көпшілік тек ұсақ секта ретінде ғана қабылданған деген мәлімет кездеседі. Ал қазір бұл — әлемдегі ең кең таралған діндер қатарына кіреді. Осыған қарамастан, бүгінгі таңда кез-келген діндегі жаңашыл ағымдардың барлығы халыққа тек секта ретінде ғана қабылданады.
АДАМАР СЕКТА ТОРЫНА ҚАЛАЙ ТҮСЕДІ?
Worldometers.info ақпараттық агенттігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы бес жылдың ішінде әлемде 300 миллионға жуық адам секта мүшесі атанған. Салыстырмалы түрде алсақ, АҚШ-тың жалпы халық саны 344 миллион.
Әдетте секталар өзін жаңа қауымдастық ретінде ұсынады. Көбінесе олардың жиыны жайлы адамдар таныстардан естіп, тек жай ғана көріп қайту үшін барады. Дегенмен, дәл осындай адамдар нәтижесінде секта, мүшесіне айналады. Құпияның барлығы – жиындардағы ерекше жылы лебіз бен мейірімділікте. Жиынға алғаш рет қатысып жатқан адамдар – айналадағылардан барынша көп назар мен сүйіспеншілікке бөленеді. Барлығы сенімен сөйлесіп көруге, көмектесуге тырысады.
“Ой, мен ондайға алданбаймын, аңқау емеспін ғой”
Сіздерге Мадонна мен Наоми Кэмпбелл, Бэкхэмдер әулеті, Бритни Спирс пен Том Круз, Дэми Мур және Стивен Сигал есімдері таныс па? Ал осы аталған Голливуд жұлдыздары әлі күнге дейін секта мүшелері екенің айтсам, таңғаласыз ба?. Тіпті, Майкл Джексон, барлық отбасысымен бірге «Свидетели Иеговы » атты қауымдастықта балалық шағын өткізді.
Өзіңіздің секталық алаяқтардың алдауына түспейтіндігіңізге әлі де сенімдісіз бе?
“Ең басында бой жазып, барып көргім келді. Әрине олар маған көмектеседі, бір сиқыр бар екен-ау деп ойлағаным жоқ”, — дейді ол.
“Әдетте, эмоцияларымды көрсетпейтін едім. Бірақ жиын жүргізушісінің әрбір айтқан сөзі жүрекке тиді. Кейін ол мені жекеше әңгімелесуге шақырды. Айналадағылардың бәрі көмектесуге дайын болды. Әркім менімен танысып, сөйлесе кетті. Сондай бір жылылық сездім”, — дейді.
Студент қыз осындай сияқты тағы 1-2 жиынға қатысып,сектаға (олар өзін отбасы деп айтады) қосылуға бел буды. Ең басында оған барлығы сондай сиқырлы көрінді. Бұл секта ғой деген ойы мүлде болған жоқ. Барлығы бір-бірімен дос, бір-біріне мейірімді. Басқа адамдар біле бермейтін таныс емес мерекелер тойлады. Шынымен жердегі утопиялық әлем секілді көрінеді екен.
Уақыт өте келе сиқырдың артында басқа бір нәрсе бар екені анықталды.»Отбасы» басшылығы әр затқа ақша талап етті. Кейбір адамдар өз пәтерлерін қауымдастық атына жаздырды. Туған күн, жаңа-жыл сияқты мерекелерді тойлауға, ал кейін, тіпті туған-туыстармен, достармен араласуға қатаң тыйым салынды. Бұл ескі өмірдің қиындығын ұмыту үшін жасалады деп түсіндірілді. Барлығы ережелердің әрқайсысына еш ойланбастан көнді. Қарлығаш та олардың қатарында болыпты.
“Әрине, кейін сиқырдан түк қалған жоқ. Енді тек қатаң ережелері мен ақша ғана маңызды болды”,- дейді Қарлығаш.
Қарлығаш: бір күні,жанымда отырған ағай кенеттен баспалдақтан құлап, қолын сындырып алды. Енді жедел жәрдем шақырайын деп отырғанымда, мені бәрі тоқтатты. Ағатай қатты қиналды, дәрігерлерді шақыртуға жалынды. Бірақ “отбасы” басшысы дәрігерлердірді шақыртуға тыйым салып, оны «біздің денеміз өзін өзі емдеп шығуға қабілетті!» деп түсіндірді. Негізінен біздің қауымдастықтың басты ұстанымдардың бірі – жаңа медицинаға қарсылық. Тіпті, қарапайым дәрілер “ішкі жанға” зиянды саналады. Ал осы оқиғадан кейін, айналадағы болып жатқанға көзім ашылды. Бұл жерден қайтсем де кетемін деп шештім.
2 күннен кейін Қарлығаш ешкімге ештеңе түсіндірмей “отбасыдан” кетуге бел буды.
“Мені ешкім тоқтатпады, тіпті, қайтарып алуға тырыспады.Осыдан түсінгенім: барлық бөгет, барлық қиындық тек біздің басымызда, біздің қорқынышымызда. Қазір жаңа өмір бастағаныма еш өкінбеймін”,- дейді ол
Көбінесе осындай өмірлік сынақтан өткен адамдар, кейін өзі секілді адамдарға көмектесуге тырысады.
Кейбір секталардын шығу әрқашан осындай жеңіл болмайды. Әлемдегі діни ағымдарын көбісінің ұстанымдары жазалары тек психологиялық немесе ақшаға байланысты болғанымен, кей секталар өзінің ерекше қатігез рәсімдерімен әлемге танылды.
Сонымен қоса Тибеттік буддистер оттың киесіне табынады. Ал жаңа жылды оттың құдіретті мерекесі деп санайды. Сондықтан жаңа жылды тойлау кезінде отшашу – тибеттіктер үшін өте ерекше орын алады.
Әлемдегі діни ағымдардың әралуандылығына қарамастан, Қазақстандағы секталар көбінесе мұсылман дініне негізделеді. Әсіресе экстремистік ағымдар саны – соңғы жылдары қарқынды өсуде. Олар өзінің діни көзқарастарын қолдайтындарды, тіпті, әлеуметтік желілер арқылы іздеуге тырысады. Осындай экстремистік көпшілікті жинау құралы ретінде «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі “Sabr” қауымдастығын алуға болады. Олар көбінесе құрандағы сүрелерді оқытуға негізделсе де, кейде экстремистік мазмұндағы мақалалар да жарыққа шығады.
Сонымен қоса Қазақстандағы кең таралған діни ағымдар қатарында “ерекше емдік күші” бар деп саналатын қауымдастықтар жатады. Олардың ішінде ең танымалысы “Алла аят” сектасы.
Алла аят негізін қалаушы Фархат атаның айтуынша, ол кез келген ауруға қарсы емдеу жүйесін ойлап тауыпты. Оларға: күн көзімен емделу, сүрені қайталау, “эткен шай” ішу (эткен шай – тұз бен сүт қосылған қара шай) жатады. Алла аят қауымдастығы көптеген ауырған адамдарға ем сыйлаймыз деп көндіреді. Дегенмен, бұл да тегін емес. Сектаның ерекше танымалдылығына қарамастан, 2009 жылдан бастап «Алла аят» қауымдастығы қауіпті саналып, ҚР аумағында тыйым салынды. Алайда Фархат атаның жолын жалғастырғандар саны әлі де азаяр емес.
Әлемдік діндердің ешқайсысына жатпайтын жүздеген мың секталар бар. Олардың басты мақсаты дінге негізделеді дегенге сенімдісіз бе?
Діни ұйымдар мен қауымдастықтар ұзақ уақыт бойы өзінің негізін қалаушыларға жыл сайын миллиондаған доллар табыс әкелетін бизнеске айналды. Мысалға алғанда, саентологиялық ілімге негізделген шіркеулер әлемдегі ең танымал әрі кең таралған секта. Саентология шіркеуі 1953 жылы құрылды. 1960-шы жылдан бастап саентологтар Америка Құрама Штаттарында діни қозғалыс ретінде заңды түрде салықтан босатылуға мүмкіндік алды.
Саентология шіркеуінің жалпы қаражаты мен мүлкінің әртүрлі бағаланулары өткізімді. Мысалы, Business Insider журналының мәліметтері бойынша, 2019-шы жылға қарай шіркеудің жылдық пайдасы шамамен 500 миллион долларды құрады.
Сектаға мүше болып, ұйымға пайда әкелуге тырысатын адамдар өз қаражатын толықтай ойланбастан сыйлайды. Осылай алданып, баспанасы, көліксіз қалған адамдар, тіпті толық отбасылар өте көп.
Қорыта келсек, секталық ұйымдардың құрбандары болған адамдар тек өзіне ғана емес, сонымен қоса өз жақындарына кесірін тигізеді. Дегенмен, оларды құтқарып алу үшін сенімін, сезімін құнсыздындару – жағдайды тек ұшықтырады. “Қалай түсінбейсің бұл – секта, ал олар – алаяқтар” деген сөздер адамда ашу сезімін тудырғаннан басқа еш көмек әкелмейді. Біріншіден, сектаға түскен адам психология тұрғысынан «нашақор» адамға ұқсайтынын түсіну маңызды. Оларға ең алдымен жылу мен мейірім қажет. Оларды түсінуге тырысыңыз. Осындай жағдайға жеткен адам, өзі қаласа ғана мәселе шешімін табады. Белгілі бір адамды діни ағымның қолынан шығару үшін, оның бұрынғы өмірде таба алмаған қажеттіліктерін анықтау қажет. Секта ұсынған мүмкіндіктер шынайы өмірде де бар екендігін көрсету қажет. Яғни, өмірдің ғажаптары діни ұйымның сиқырынан асып түсетінін ұғындыра алсақ, адам нағыз өмірді таңдауға мүмкіндік алады.
ПІКІР ЖАЗУ