Тоқаев Қазақстан халқын 1 мамыр Бейбітшілік күнімен құттықтады

Фото: inform.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Ел басшысы 1 мамырды – еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы деп атады.

“Қымбатты отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

Достық пен өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр. Тағдырдың жазуымен кең байтақ қазақ жерінде тоғысқан әр алуан мәдениеттер тұтаса келе ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ”, – деді ол.

Президент Жаңа Қазақстан құру идеясы туралы да айтып өтті.

“Мызғымас бірліктің арқасында қиындықтан қаймықпай, жаһандық сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз. Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстыруда. Бұл идея ел азаматтарының жасампаздық қуатынан бастау алады. Мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек”, – деп түйіндеді ол сөзін.

ozgeris.info” порталы


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!