Қазақстандық жас ғалым жүлдеге ие болды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкогинекология орталығының дәрігері Алима Сатанова ТМД және Еуразия елдері онкологтары мен радиологтарының XIII Съезінде өткен жас ғалымдар байқауында ІІ орынды иеленді, деп хабарлайды «ozgeris.info».

ДСМ баспасөз қызметі хабарлағандай,  биылғы байқауға 7 елден 119 жұмыс берілген. Байқау финалының қорытындысы бойынша жеңімпаздар ғылыми іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлыққа тревел-гранттарға ие болмақ.

Айта кету керек, 2022 жылғы 27-29 сәуір күндері елімізде ТМД және Еуразия елдерінің онкологтары мен радиологтарының XIII съезі өтіп жатыр. Съезд онкология, радиология, сәулелік терапия, хирургия және басқа да аралас салалар бойынша ТМД және шет елдердің 5000-нан астам жетекші мамандарын жинады. Алдағы іс-шара онколог-дәрігерлердің көпшілігіне ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерімен танысуға мүмкіндік береді.

 

«ozgeris.info».