Ресей Президенті Владимир Путин мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Кремльде кездесті, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Ресей басшысы мен Бас хатшы Украинада арнайы әскери операция басталғаннан кейін алғаш рет әңгімелесті. Кездесу шамамен бір сағатқа созылды.
Кремль баспасөз қызметінің жазуынша, Гутерриш Путинге Украинадағы, оның ішінде Мариупольдегі жағдайды талқылауды ұсынды.
Әңгіме барысында тараптар «Азовсталь» зауытының жертөлелерінен бейбіт тұрғындарды эвакуациялау туралы келісімге қол жеткізді.
Айта кетейік, БҰҰ Бас хатшысы өткен жылдың мамыр айында Мәскеуге іссапармен келген еді, бірақ коронавирустық шектеулерге байланысты Путинмен онлайн форматта кездесу ұйымдастырды.
ПІКІР ЖАЗУ