Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев AMANAT партиясының саяси кеңес құрамына кірді

Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев AMANAT партиясының саяси кеңес құрамына кірді. Съезд делегаттары ұсынысты бірауыздан қолдады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Партияның жоғары өкілдік органының саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселені Amanat-тың атқарушы хатшысы Асхат Оралов көтерді.

«Сіздердің қарауларыңызға Amanat партиясының саяси кеңес құрамына Елдар Тынышбайұлы Жұмағазиевті, Мақсат Мәлікұлы Толықбайды, Дәулет Төлеутайұлы Мұқаевты енгізу мәселесі ұсынылады»,- деді ол.