Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс.
«Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті»,– деді ол.
Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, 22 сәуірде 18 жастағы Әлібек Қалбай Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде қайтыс болған еді.
ПІКІР ЖАЗУ