M.S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti-де «Қазақстанның тарихи урбанистикасы: теория мен практиканың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық форум өтті. Форумға отандық және шетелдік ғалымдар, тарихшылар, әлеуметтанушылар, урбанистер қатысты.
Форум Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Тарихи қаланың мәдени ортасы: 19-20 ғасырлар межесіндегі қазақстандық урбан-кеңістіктің трансформациясы»ғылыми жобасы аясында өтті.
M. S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU unıversıteti ұсынған жоба қалалық орта тарихын және оның адам мен қоғам мүмкіндіктерін іске асыруға әсерін зерделеуге, сондай-ақ қазіргі әлемде қажетті жаңа мағыналарды, құндылықтарды, тәжірибені тарататын тарихи қаланың әлеуметтік-мәдени сипатын түсіндіруге бағытталған.
Форумда Зерттеулер нәтижесінде XIX-XX ғасырлар аралығында Ақмола және Қостанай қалаларының тарихи орталықтарын 3D-реконструкциясының тұсауы кесілді.
Материал музейлерге, туристік бюроға және еліміздің өткен тарихына қызығушылық танытқандарға қызықты болады.
Ақмола қаласындағы ескі ағаш мешіт, Көктатар мешіті, 1895 ж.
Ақмола қаласындағы ескі ағаш мешіттің 3Д макеті, Көк татар мешіті
Көпес Василий Кубриннің үйі — Ақмоладағы ХХ ғасырдың басындағы сәулет ескерткіші
ПІКІР ЖАЗУ